Жетісу ауданының ТЖБ 2022 жылғы қазан айындағы атқарған жұмысы туралы есеп

Жетісу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Жетісу ауданы әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп "көппәтерлі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі"тақырыбында ПИК төрағаларымен кеңес өткізілді. Тұрғындардың жеке заттарын баспалдақ алаңдарында және жертөле үй-жайларында сақтау мәселелері көтерілді, сондай-ақ ҚР ӨҚҚ бұзылған жағдайда жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Жетісу ауданының ТЖ басқармасы қызметкерлері Қазанат МИБ өкілдерімен бірлесіп Кемел ш/а Қазына көшесі 1,2 үй мекенжайында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен "электр жылыту аспаптарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі" тақырыбында жиын өткізді.

Жетісу ауданының ТЖ басқармасы қызметкерлерімен 2022 жылғы 21 қазанда жер сілкінісі кезінде басшы құрам мен қызметкерлердің әрекеті тақырыбында кенеттен сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Іс-шара барысында жер сілкінісі кезінде 10 қадам тақырыбында жадынамалар таратылды.

Жылыту кезеңінің басталуына байланысты Жетісу ауданының ТЖ басқармасы қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД ӨС және АҚЖҚ ММ қызметкерлерімен бірлесіп, жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен профилактикалық жұмыс жүргізуде.

Дата публикации
31 октября 2022