ТЖ алдын алу басқармасының 2022 жылғы қазан айындағы атқарған жұмысы туралы есеп

Алматы қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы ағымдағы айда көшкін қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері қаралған азаматтардан келіп түскен өтініштер шеңберінде 11 шығуды жүзеге асырды. Өтініштерді сапалы қарау үшін "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің, қала құрылысын бақылау басқармасының, Алматы қаласы экология департаментінің, аудан әкімдіктерінің және т. б. мамандары тартылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының таулы жерлеріндегі көшкін құбылыстарының алдын алу мақсатында ТЖБ аудандық ТЖ басқармаларымен бірлесіп, беткейлерді кесумен қатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді анықтау бойынша комиссиялық зерттеулер ұйымдастырылды. Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарында бұрын анықталған 42 учаскеге құрылыс жұмыстарын жүргізудің 17 фактісі анықталды. 

Өз кезегінде, ТЖ алдын алу басқармасы уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы ақпараттық хаттар жолдады.

Дата публикации
31 октября 2022