Өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ақпарат 23 қыркүйектегі жағдайы бойынша

Алматы қаласының аумағында 19 мың 803 Га жер бар, Іле-Алатау ұлттық паркі (барлығы 199 мың 202 Га), Медеу табиғи паркі – 708,2 Га және
"Баум тоғайы" - ауданы 137,7 Га құрайды.
Өрт қауіпті кезеңге дайындық мақсатында 3 маусымда ТЖ комиссиясының отырысы өткізіліп, белгіленген мерзімдерге сәйкес орындалатын 27 тапсырма берілді.
Тапсырмаға сәйкес қалаға іргелес ұзындығы 82 км ашық аумақты жырту жұмыстары жүргізілді.
Жалпы ауданы 250 Га құрғақ өсімдіктерді шабу жұмыстары жүргізілді.
Қабылданған шаралармен құрғақ өсімдіктердің жануы санын 10% – ға төмендетуге қол жеткізілді (2021 жылы - 402, 2022 жылы-361)
Жану алаңы 33% (2021 жылы–30,2 Га, 2022 жылы–20,2 Га).
Демалыс және мереке күндері департамент ЖПҚ және орман шаруашылығы мекемелерімен бірлесіп таулы-орманды жерлерде профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Бүгінгі таңда 220-дан астам рейд жүргізілді, 60 мыңнан астам жадынама берілді, белгіленбеген жерлерде 122 от жағудың алды алынды, 122 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды:
116 адам – 505 бабының 1 бөлігі бойынша "ескерту" түрінде;
2 адам - 505-баптың 2-бөлігі бойынша жалпы сомасы 76 мың 575 теңгеге айыппұл түрінде.;
4 адам-367-бап бойынша жалпы сомасы 612 мың 605 теңгеге айыппұл түрінде

Дата публикации
29 сентября 2022