2022 жылдың шілде айында Түрксіб ауданы ТЖБ атқарылған жұмыстар туралы

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу бойынша қызметтің тиімділігін арттыру бойынша Түрксіб ауданы ТЖБ негізгі қызметі, өрт-алдын алу жұмыстары Алматы қаласы ТЖД жұмыс жоспарына, ҚР ТЖМ, Алматы қаласы ТЖД бастығының өкімдері мен бұйрықтарына сәйкес жүргізілді.
Түрксіб ауданының аумағы 75,7 шаршы км. халқы-238447 адам.

Нысандарды өрт-техникалық тексеру.  

Түрксіб ауданының аумағында 1400 (2021 ж. - 1371) нысандар тіркеліп, есепке алынды, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі – 627 (2021 ж.-607) және 773 (2021 ж.-764) – болмашы тәуекел дәрежесі.
2022 жылдың маусым айында басқарманың инженерлік-инспекторлық құрамы ерекше тәртіп бойынша 57 нысанын тексерді және нұсқамаларды орындау бойынша 7 жоспардан тыс тексерістер жүргізді.
ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша жүргізілген өрт-техникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша 5 әкімшілік жаза қолданылды оның ішінде 1 – бөлігі бойынша ескерту - 2 және 2– бөлігі бойынша-3 жалпы сомасы 245 040, Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына ҚР ӘҚБК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 4 нысан жіберілді.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.​
​ Есепті кезеңде (21.07.2022 ж. жағдай бойынша) Түрксіб ауданының аумағында барлығы 43 өрт орын алды (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 55 өрт), отта 2 адам қаза тапты (2021 жылы 1 адам), 1 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды (2021ж. -0).
Оның ішінде өрт бойынша 2 әкімшілік айыппұл салынды: 410-баптың 1-бөлігі бойынша ескерту түрінде- 2.

Дата публикации
01 августа 2022