2022 жылдың шілде айында Алматы қаласы ТЖД (бұдан әрі Басқарма) Медеу ауданы бойынша 5 өрт тіркелді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 жағдайға төмен.
2022 жылдың шілде айында улы және табиғи газбен улану жоқ.
Ағымдағы жылдың шілде айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын насихаттау және басқа да бағыттар бойынша 180 шығарылым ұйымдастырылды, оның ішінде теледидар арқылы 2-еу, адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы-280, LED экранда өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс желісі бойынша және СОО және ТРК ішкі радио желісі бойынша - 250, Радиостанциялар бойынша - 30 шығарылымдар жарық көрді. Мақалаларды басып шығару - 6, әлеуметтік желілерде - 5.
12 және 21 шілде 2022 жылы Медеу ауданы ТЖБ қызметкерлері Қызыл жарты ай еріктілерімен және Медеу ауданының табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Алматы ТВ» және «МИР» телеарналарын тарта отырып «Таулы-орманды жерде от жағуға жол бермеу» бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда таулы орманды жерде өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндірілді және 515 дана жадынамалар таратылды.