Алматы қаласы ТЖД Жетісу ауданының ТЖБ сайтына ақпарат
Жетісу ауданының ТЖ басқармасы 2022 жылғы шомылу маусымының жоспар-кестесіне сәйкес Жетісу ауданының ПБ, Жетісу ауданының 30000 жазылушысы бар блогермен Магнум супермаркетінде адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында бірлескен профилактикалық үгіт-насихат жүргізді.
Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетісу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері "Максима" сауда-ойын-сауық орталығында "мұрагерлер" ойын залында ата-аналармен судағы қауіпсіздік, балалардың терезеден құлауы, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі тақырыптарында брошюралар мен ақпараттық парақтарды тарату арқылы профилактикалық әңгіме өткізді.
Жетісу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Кіші Есентайка өзенінің бетон бекіністеріне "шомылуға тыйым салынады" жазулар салу жұмыстарын жүзеге асырды.
Жетісу ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері Жетісу ауданы ПБ бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында тұрақты негізде Кемел шағын ауданының тоғандарында және Есентай өзені бойында профилактикалық рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жетісу ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері Алматы телеарнасымен бірлесіп су айдындарында адамдардың қаза болуын және жарақаттануын болдырмау мақсатында "судағы қауіпсіздік"сюжетін түсірді.