2022 жылдың шілде айында өрт-техникалық тексеруге жататын тәуекел дәрежесі жоғары 24 объекті жоспарланған, ерекше тәртіп бойынша 19 объекті тексерілді.

Жоспардан тыс тәртіпте 20 объект тексерілді, оның ішінде 2 – шағым бойынша, 18-ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша.
Басқарма бұқаралық ақпарат құралдарында маусым айында үгіт жұмыстарын баспа басылымдарында – 11 (2021 жылы – 10), радио эфирде – 126 (2021 жылы – 50), радиорубкалар бойынша – 400 (2021 жылы –400), LED трансляциялар – 419, "Instagram" – 7.
Департаменттің қызметі туралы қолайлы қоғамдық пікірді қалыптастыру, сауда ("Mega Center" СОО, "Forum", "Magnum" гипермаркеті, Халыққа қызмет көрсету орталықтары), денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде төтенше жағдайлар кезінде мінез-құлық қағидаларын насихаттау мақсатында мынадай тақырыптарға бейнероликтерді күнделікті ротациялау жүргізіледі: өмірді құтқару - олардың міндеті; тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі; Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер, абайлап жұқа мұз. Сондай-ақ, Бостандық ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурстарында басқарманың өрт және ТЖ кезінде халықтың қаза болуы мен жарақаттануын төмендетуге арналған алдын алу жұмыстары бойынша мақалалар орналастырылған.
"Судағы қауіпсіздік" акциясы - бұл судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлерімен өткізілетін және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған алдын алу іс-шаралары. Басқарманың жеке құрамымен апта сайын Үлкен Алматы өзенінің аумағында профилактикалық рейдтер жүргізіледі.
Бостандық ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері табиғат қорғау полициясының қызметкерлерімен бірлесіп суға шомылу маусымы кезінде су айдындарында адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында 15:00 - 18:00 аралығында "Үлкен Алматы"өзенінің бойында кезекшілік ұйымдастырды. "Суда абай болыңыздар" тақырыбына жадынама түріндегі үлестірме материал 26 дана көлемінде берілді. Сондай-ақ ескерту түрінде 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы Үлкен Алматы жағалауының бетон бекінісіне екі ескерту жазу бояуы жағылғандығын хабарлайды. Сонымен қатар, басқарма және табиғатты қорғау полиция қызметкерлерімен бірлесе, шомылу маусымында адамдардың қаза табуы мен жарақаттануын алдын-алу мақсатында "Үлкен Алматы" өзенінің арнасында рейд ұйымдастырды. Қызыл Ай Қазақстан Алматы қалалық филиалының қоғаммен жұмыс маманы мен Қызыл Ай волонтерларымен бірге "Суда абай болу" атты тақырыпта жадынамалар таратылды. Рейд жүргізу кезінде 1-әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы ескерту ретінде толтырылды. Осы бағытта жұмыстар күнделікті жүргізілуде.
Құрғақ өрттің және таулы орман алқабында тұтанудың алдын -алу мақсатында басқарма қызметкерлері, табиғатты қорғау жөніндегі полиция және "Өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесімен бірге "Іле Алатау" таулы алқабы қорығында патрульдеу жүргізіліп, орман алқабында өрт болу себебі атты 67 дана жадынамалар таратылды. Рейд барысында табиғатты қорғау қызметкерлері 6 дана әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы ескерту ретінде толтырылды.

Дата публикации
01 августа 2022