Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының 2022 жылдың шілде айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі – ТЖБ) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті құрылымдық бөлімшесі және Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы жұмыс органы болып табылады.
Басқарма ұстанымға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тиісті аумақта мемлекеттік азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өртке қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныс салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өрттердің алдын алумен және оны сөндіруді ұйымдастырады.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында Басқарма Сайран көлінің батыс жағалауында демалушылармен "Жазғы кезеңде су айдындарында жүріс-тұрыс ережелері" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараларды өткізу барысында азаматтарға 100 дана көлемінде жадынамалар мен брошюралар таратылды. Бұл іс-шара "Алматы ТВ" телеарнасымен сүйемелденді.
Ағымдағы жылдың 11 шілдесінде Басқарма жазғы сауықтыру лагерьлерінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігі және жазғы кезеңде судағы қауіпсіздік қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тұрмыста өрттерді болдырмау мақсатында Әуезов ауданы әкімдігінің әлеуметтік желісіне "Өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау" тақырыбында мақала жарияланды.
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Басқарма ҚР ТЖМ ӨҚҚК тапсырмасына сәйкес, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерімен "Қауіпсіз балалық шақ", "Отсыз демалыс" тақырыптарында сабақтар өткізді.
Ағымдағы жылдың 25 маусымымен 25 шілде аралығында Басқарма қызметкерлері "СТВ", "Алматы ТВ", "МТРК МИР" телеарналарымен бірлесіп "Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау", "Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау", "Газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары" тақырыптарында профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылдың маусым айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 1466 шығарылым ұйымдастырылды, оның ішінде: адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс бойынша - 20, LED экрандарда өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс желісі бойынша және СОО мен ТРК ішкі радио желісі бойынша - 1320, теледидар бойынша - 4, радиостанциялар бойынша - 49 сөз сөйлеу және баспасөзде жарияланған мақалалар бойынша - 10, әлеуметтік желілерде - 63. "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі", "Электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері", "Улы газ!", "Судағы қауіпсіздік" тақырыптарында бейнероликтер күн сайын "Grand park", "Moskva", "Sputnik mall", "Тиграхауд" сауда орталықтарында көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл бейнероликтер Әуезов ауданы әкімдігі мен ауданның білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілерінде (Instagram, facebook) орналастырылды.

 

Дата публикации
01 августа 2022