Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының 2022 жылдың шілде айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

2022 жылдың шілде айында Алматы қаласы ТЖД (бұданәрі - Басқарма) Алмалы ауданы бойынша 4 өрт тіркелді (2021ж.-5өрт).
Бүгінгі күні Алмалы ауданының аумағында 3495 жеке тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 3418 үй газдандырылған, қатты отынмен 77 үй қолдануда.
2022 жылғы 1-ші шілдеден бастап 2022 жылғы 6-шы шілдеге дейін аудан әкімдігімен, «Алматы қаласының құтқару қызметі» ММ бірлесіп, «Сайран» көлінде волонтерлар мен ЖПҚ қатысуымен, рейдтер жүргізу арқылы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилақтикалық және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілді, бұл іс-шара БАҚ-та жарияланды.
2022 жылғы 7-ші шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін жоғарыда аталған іс-шара өткізілген жоқ, себебі Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің қызметкерлері 2022 жылғы 6-шы шілдеде су сынамаларын зерттеу нәтижесінде «Сайран» көлінде лакто-оң ішек таяқшаларының нормалары деңгейінің артып кеткенін анықтады.Осыған байланысты «Сайран» көлінің суын ағызу туралы шешім қабылданды.
«Сайран» көлі толған жағдайда рейдтік іс-шаралар жалғасатын болады.
Ағымдағы жылдың шілде айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 760 жарияланым мен бейнесюжеттер шығару ұйымдастырылды, оның ішінде: адамдар көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыш байланыс арқылы 415 сөз сөйлеу, радиостанцияларда 60 сөз сөйлеу және баспасөзде 14 материал, әлеуметтік желілерде 320 материал орналастырылды.
Ағымдағы жылдың 15 шілдеде «Жас құтқарушы» аудандық жарысы өтті, оған Алмалы ауданының жалпы білім беру мекемелері қатысты. «Жас құтқарушылар жасақтары» жарыстарын өткізу тәжірибесі оқушылардың ТЖ кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы практикалық білім алатындығын, физикалық және психологиялық дайындықтан өтетінін және қоғамды қорғауды оқытудағы ең тиімді элементтердің бірі болып табылатынын көрсетеді. Өткізілген іс-шара балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс - қимылдар бойынша біліктіліктерін арттыруға бағытталған.
Азаматтық қорғау саласындағы азаматтар мен балаларды ТЖ жағдайында іс-қимыл жасауға оқыту мақсатында Алмалы ауданының ТЖ Басқармасымен 2022 жылғы қаңтар айы мен шілде айы аралығына арналған Алмалы ауданының АҚ саласында аудан Әкімінің бекітілген жоспарына сәйкес даярлау және біліктілікті арттыру курстарын – 127 адам оқытылды.

Дата публикации
01 августа 2022