2022 жылғы I жартыжылдықта АЛМАТЫ қаласының АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ФАКТІЛЕРІНЕ ШОЛУ-АНАЛИТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ

2022 жылғы I жартыжылдықта Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 328 төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 14%-ға аз (2021ж.-383).  Бұл ретте 36572 адам (өрттен 18 адам, ГАҚ жарқылынан 2 адам, 4 адам күшті әсер ететін улы заттардың шығуымен болған авария салдарынан,  қауіпті жұқпалы аурулардан 36543 адам (COVID-19), қар көшкінінен 3 адам, дауылды жел салдарынан 2 адам) зардап шекті, оның ішінде 138 адам (өрттен 6 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 130 адам (COVID-19), қар көшкінінен 2 адам) қаза тапты.

2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны - 55385 адам (өрттен 21 адам, ГАҚ жарқылынан 4 адам, ұшақ апатынан 6 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 55352 адам (COVID-19), су айдындарында батып кеткен 2 адам), оның ішінде 629 адам (өрттен 4 адам, ГАҚ жарқылынан 1 адам, ұшақ апатынан 4 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 618 адам (COVID-19), су айдындарында батып кеткен 2 адам) қаза тапты (2-кесте).

Қаланың өрт сөндіру қызметі – 124 адамды құтқарды (2021ж. – 16,+8 есе),
226 адамды қауіпсіз жерге көшірді (2021ж. – 56, +4 есе). Дабыл бойынша 1220 шығу жасалды (2021ж. – 1398, -13%), оның ішінде өрттерге – 318 (2021ж. – 377, -16%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 64 (2021ж. – 79,-19%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 675 (2021ж. – 782,  -14%), халықтың қырағылығына – 139
(2021ж. –146, -5%), облысқа –23 (2021ж.-14, -64%), дабылдың іске қосылуы– 1 (2021ж. – 0).

Дата публикации
18 июля 2022