Алматы қаласында желілік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстардың басталуы туралы

Алматы қаласының маңында 45 мореналық және мұздық көлдер орналасқан, олардың ішінде аса қауіптісі – 12 болып анықталған.

Ағымдағы жылы Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріндегі 7 көлден судан  босату  бойынша алдын алу жұмыстары жоспарланған.

Ауа-райының қолайсыздығына және таулы аймақтың төмен температуралық жағдайына байланысты  алдын-алу жұмыстары әдеттегіден бір ай кешірек басталды.

Алдын алу жұмыстарына барлығы 40 адам кірісіп, бульдозерлер іске қосылады, эвакуациялық каналдарды тазарту және тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, аталған жұмыстар арқылы су өткізу қамтамасыз етіледі.

Суды қосымша айдау үшін арнайы понтондарда 10 бірлік өнімділігі жоғары су сору қондырғылар  дайындалды. Сондай-ақ, су ағызу белгіленген сифонды құбырлар желілері бойынша жүзеге асырылады (11 дана). №6 және 13 Бис көлдеріндегі екі сифон желісі автоматты түрде қосылды. Үлкен Алматы өзені бассейніндегі №8 және 13 Бис қауіпі бар көлдерінде қосымша 2 желіні қосу жоспарлануда, ол үшін 2900 метр полиэтилен құбырлары дайындалды.

Мореналық көлдердің су деңгейінің бақылау жүргізу мақсатында тұрақты негізде жұмыс істейтін 9 бекетке,  қосымша – 10 биік таулы маусымдық бекеттер қойылды. Сел қаупі бар кезеңде барлығы 19 бекет жұмыс істейтін болады.

Тәулік бойы мониторинг және мореналық көлдердің жағдайын талдау Алматы қаласы ТЖ Департаменті енгізген сел қаупінің автоматтандырылған мониторингі арқылы жүзеге асырылады, ТЖД- ахуалдық залынан онлайн режимде камералардан мореналық көлдердің жай-күйін бақылауға болады.

Жүйеге барлығы 31 станциядан тұрады , олар мореналық көлдердің бұзылу қаупін бағалауға және жалпы ТЖ тәуекелінің туындау қаупін төмендеді. Жүйедегі деректер Алматы қ.ТЖ департаментінің және Қазселденқорғау мекемесінің, яғни  2 диспетчерлік пунктіне  шығарылған.

Дата публикации
15 июля 2022