2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы ТЖД жеке құрам бойынша инспекторы Ерболат Тұртқараев Алматы гарнизонының жеке құрамымен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау бойынша тұрақты негізде нұсқама өткізеді. Бөлімшелерге бару арқылы рейдтер мен тексерулер барысында инспектор мыналарға ерекше назар аударады::
- ТЖ Басқармасының инспекторлық құрамы жүзеге асыратын тексерулердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға қызметтік міндеттерін орындауға байланысты сыйлықтар алуға және сыйға тартуға толық тыйым салу;
- азаматтық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Сондай-ақ, еңбек тәртібін, ҚР ЖҚЕ сақтау және киім нысанын кию қажеттігін еске салады.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі