Өрт сөндіруші-құтқарушы-50 C-SV-13 санатына сәйкес.

Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: өрттерді сөндіру және олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстары кезінде гарнизон бастығы белгілеген тәртіппен өрттерге және олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарына шығу; медициналық пунктте жеке құрамға жіті аурулар, жарақаттар, уланулар және жазатайым оқиғалар кезінде және авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету шұғыл жұмыстарды ұйымдастырады; күн сайын зерттеп-қарауды және жеке құрамды қарап-тексеруді жүргізеді; мамандандырылған және біліктілік медициналық көмекке мұқтаж адамдарды Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу мекемелеріне жібереді; тәртіптік динамикалық бақылауға мұқтаж адамдардың есебін жүргізеді, оларды тексеруге уақтылы жібереді; медициналық пункттің тиісті ұсталуын, үнемді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Медициналық мүлікпен дұрыс сақтау және уақтылы толықтыру; медициналық құжаттаманың, есептік медициналық құжаттардың дұрыс және уақтылы жүргізілуін қамтамасыз ету; Алғашқы медициналық-дәрігерлік көмек көрсету; жеке құрамды профилактикалық қарап-тексеруді жүргізу; профилактикалық жұмысты жүзеге асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оның алдын алу мәселелері бойынша консультация беру; науқастарды бейінді мамандарға консультацияға жіберу; медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде жеке құрамды бақылау; гарнизон жеке құрамының жауынгерлік және қызметтік даярлығы бойынша сабақ кестесіне сәйкес медициналық даярлық бойынша дәрістер өткізу.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 104943 теңгеден 142284 теңгеге дейін.
Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, «қоғамдық денсаулық сақтау», «жалпы практика дәрігері» мамандықтары бойынша жоғары білім болуы міндетті.
Өрт сөндіруші-құтқарушы-50 C-SV-13 санатына сәйкес.
Негізгі лауазымдық нұсқаулықтар: өрттерді сөндіру және төтенше жағдайларды жою кезінде арнайы жұмыстарды жүзеге асыру, адамдарды құтқару және материалдық құндылықтарды эвакуациялау бойынша жұмыстарды жүргізу, жауынгерлік кезекшілік кезеңінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша қағидаларды сақтау, бөлімше мүлкін таза және тұрақты әзірлікте ұстау, өрт-техникалық қару-жарақ пен жабдықты, жеке жарақты, зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, мотоциклге техникалық қызмет көрсетуді уақтылы орындау; Өрт-техникалық; жабдықты пайдалану қағидаларын сақтау, өрт мотоциклдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 94325 теңгеден 127418 теңгеге дейін.
Негізгі талаптар: жасы - 18 жастан 35 жасқа дейін, толық орта білім міндетті.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) белгіленген нысандағы сауалнама;
3) кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
4) өз қолымен жазылған және басылған түрде толтырылған өмірбаяны;
5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі;
8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған кезде);
9) өлшемі 3х4 төрт фотосуреті;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралыанықтамасы;
12) құжаттарды тапсыру сәтінде өту мәнінен төмен емес нәтижелері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы жарамды сертификатты (не сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
13) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы жарамды қорытындыны (не қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесін);
14) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы, спорттық жетістіктерін дәлелдейтін құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жарияланымдардың және тағы басқаларының көшірмелерін) (болған кезде) тапсырады.
Құжаттарды толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр саясаты бөлімінде мекенжайы Алматы қ., Қонаев көшесі 132, тел: 261-28-92 бойынша құжаттарды қабылдайды.

Врач, категория C-SGU-12, 2 единица
Дата публикации
12 июля 2022