Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының 2022 жылдың мамыр айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының 2022 жылдың мамыр айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

 

2022 жылдың мамыр айында Алматы қаласы ТЖД (бұдан әрі - Басқарма) Алатау ауданы бойынша 5 өрт тіркелді (2021ж.-5 өрт).

Ағымдағы жылдың мамыр айында Зерделі ықшам ауданында ПИК «Facility Management Group» басшыларымен бірлесе отырып тұрғындармен көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаулық жиын өткізіліп, арнайы әзірленген жадынамалар таратылды. Жиын барысында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың барлық қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

         Ағымдағы жылдың мамыр айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 760 жарияланым мен бейнесюжеттер шығару ұйымдастырылды, оның ішінде: теледидар бойынша – 1, адамдар көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыш байланыс арқылы 411 сөз сөйлеу, радиостанцияларда 54 сөз сөйлеу және баспасөзде 14 материал, әлеуметтік желілерде 280 материал орналастырылды.

         Ағымдағы жылдың 14 мамырында «Жас құтқарушы» аудандық жарысы өтті, оған Алатау ауданының жалпы білім беру мекемелері қатысты. «Жас құтқарушылар жасақтары» жарыстарын өткізу тәжірибесі оқушылардың ТЖ кезінде қалай дұрыс әрекет ету керектігі туралы практикалық білім алатындығын, физикалық және психологиялық дайындықтан өтетінін және қоғамды қорғауды оқытудағы ең тиімді элементтердің бірі болып табылатынын көрсетеді. Өткізілген іс-шара балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс - қимылдар бойынша біліктіліктерін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ, басқарма ағымдағы жылдың 18 мамырында №14 қалалық емханада 123 адамды қамти отырып сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығ кезінде жер сілкінісі кезінде орындалуы керек әрекеттер нақты көрсетілді.

2022 жылдың мамыр айында Алматы қаласы ТЖД қалалық курстарында 6 санат бойынша 25 адам азаматтық қорғау басшы құрамын даярлаудан және қайта даярлаудан өтті.

 

 

Дата публикации
26 мая 2022