Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлар вице-министріні генерал-майор М.М. Кульдикова нұсқауын орындауда келесіні хабарлайды.
2022-2023 оқу жылына арналған «Жас құтқарушы» клубтарының (үйірмелерінің) жұмысын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарға сәйкес 14 мың
014 сурет байқауы, 13 мың 033 бейне челлендж, 5 мың 304 спорттық эстафета, 224 сейсмикалық жаттығулар, 24 мың 680 деректі фильмдер мен бейнероликтер көрсету, 28 мың 358 интерактивті сабақ, 3 мың 602 әңгіме, 2 мың.
234 дөңгелек үстел, 4 мың 301 қабырға газеті рәсімделді, 2 мың 504 шығарма жазылды, 4 мың 080 өлең оқылды, 2 мың 234 рет әдістемелік көмек ұйымдастырылып және өткізілді.
26 сәуір мен 04 мамыр аралығында «Сайран» көлінің аумағында «Қазақстандағы балалар жылы» аясында аудандық «Жас құтқарушы» жарысы өтті, оған қаланың 100 жалпы білім беретін мектептері мен лицейлерінен 600-ден астам оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша бағалы сыйлықтар, грамоталар мен кубоктар табысталды. Аудандық жарыстардың жеңімпаздары ағымдағы жылдың
14 мамырда «Оқушылар сарайы» МКҚК «Медеу» туристік базасында БЖС қатысушыларының XV қалалық слетіне қатысты.
«Жас құтқарушы» спорттық жарыстарына қатысушылардың қалалық слетін өткізу туралы ережеге сәйкес ақтық жарыстар өрт сөндіру жабдықтарын жауынгерлік өрістету, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету және зардап шегушіні тасымалдау, аспалы өткел, екі тақтаны пайдалана отырып өткел және т.б. сияқты 14 жарыс өткізілді.
Жарыс соңында жалпыкомандалық есепте жеңімпаздар анықталды:
- Бірінші орынды Алатау ауданы № 154 мектебінің командасы алды;
- Екінші орынды Алатау ауданының № 26 мектебінің командасы иеленді;
- Үшінші орынды Әуезов ауданының № 139 мектебінің командасы иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар грамоталармен және кубоктармен марапатталды. Балалар үшін тамақтану ұйымдастырылды.
Жарыс жеңімпазы - Алатау ауданы № 154 орта мектебінің командасы 2022 жылғы 27 маусым мен 1 шілде аралығындағы Көкшетау қаласында өтетін республикалық жарыстарға дайындалуда.