2021 ЖЫЛДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ТАЛДАУ

Ағымдағы жылдың 12 айында Алматы қаласының аумағында 771 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелген, бұл 2020 жылдың 12 айындағы көрсеткішке қарағанда 13%-ға артық (2020ж.-680). Бұл ретте 185776 адам зардап шекті (56 адам өртте, 6 адам әуе апатынан, 9 адам ГАҚ жаркылынан, 185700 адам қауіпті жұқпалы аурулардан (COVID-19), су айдынында батып кеткендер саны – 5), оның ішінде 2221 адам қаза тапты, (өрттен 17 адам, әуе апатынан 4 адам,  1 адам ГАҚ жаркылынан,  қауіпті жұқпалы аурулардан 2194 адам (COVID-19), су айдынында батып кеткендер саны - 5).

2020 жылдың 12 айында 19085 адам зардап шекті (57 адам өрттен, 19028 адам қауіпті жұқпалы аурулардан (COVID-19), оның ішінде 415 адам қаза тапты  (өртте 26 адам, 389 қауіпті адам жұқпалы аурулардан).

Анықтама: Зардап шеккендер (+10 есе) мен қаза тапқандардың (+5,3 есе.) көбеюі 2020 жылдың наурыз айынан бастап коронавирустық инфекцияның (пандемия) тіркелуіне байланысты.

Қаланың өрт сөндіру қызметімен 101 адам құтқарылды (2020ж. – 38), 263 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2020ж. - 235). Дабыл бойынша 3035 шығу жасалды (2020ж. – 3268), оның ішінде өрттерге – 758 (2020ж. - 671), авариялық-құтқару жұмыстарына – 121 (2020ж. - 101), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 1802 (2020ж. - 2135), халықтың қырағылығына – 309 (2020ж. – 319), облысқа – 45 (2020ж. – 42).

2021 жылы 771 төтенше жағдай тіркелген, оның ішінде 765 техногендік сипаттағы жағдай, 6 табиғи сипаттағы жағдай.

Техногендік сипаттағы ТЖ тіркелген 765 жағдайының ішінде:

- 758 өрт кезінде 56 адам зардап шекті (2020ж. – 57 адам), оның ішінде 17 адам қаза тапты (2020ж. – 26 адам);

- Ыстық сумен жабдықтаудың 6 жағдайы, онда 9 адам зардап шекті, оның ішінде 1 адам қайтыс болды.

 

Дата публикации
17 января 2022