«ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, индекс 050040, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 132, e-mail: ok_spasr_alm@emer.kz;okr.almaty@mail.ruтел: 261-28-92, азаматтық қорғау органдарының төмендегі бос лауазымдарына іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері, C-SV-13 санаты, 37 бірлік.
Жалақысының мөлшері қызмет атқарған жылдарына байланысты 105 244 теңгеден 147 398теңгеге дейін.
Негізгі лауазымдық нұсқаулығы: Өрт сөндіру машиналарының жүргізушісіне мынадай міндеттер жүктеледі: бөлімнің шығу ауданын, өту жолдарын, бөлімнің шығу ауданында су көздерінің орналасуын білу; тактикалық-техникалық сипаттамаларды, құрылғылардың мақсатын, өрт сөндіру автомобильдері мен басқа да өрт және авариялық-құтқару техникасының жұмыс істеу принципін, жұмысын және қызмет көрсету тәртібін білу; барлық арнайы агрегаттар мен механизмдерде, сондай-ақ автомобильдерде орнатылған радиостанцияларда жұмыс істей білу; өрт сөндіру автомобильдерін қызмет өткеру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтау; автомобильдерге техникалық қызмет көрсетуді техникалық жай-күйін тексеру, сапалы, уақтылы орындау; сақтау қағидаларын және оларды қолдану тәртібін сақтау; гараж жабдығын пайдалану қағидаларын сақтау, өрт сөндіру автомобильдерін пайдалану бойынша негізгі пайдалану-техникалық құжаттарды ресімдеу.
Талаптар: жасы - 18 ден 35 жасқа дейін, толық орта білім бар, «B,С немесе жаңа үлгі бойынша B,С, В1, С1» санаттағы жүргізуші куәлігі .
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) белгіленген нысандағы сауалнама;
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
4) өз қолымен жазылған, сондай-ақ басылған түрде жазылған өмірбаян;
5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (жұмыс өтілі болған жағдайда);
9) 3х4 көлеміндегі төрт фотосурет;
10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
11) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
12) құжаттарды тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижесі бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
13) справки о сдаче декларации о доходах и имуществе на себя и супругу (а) в двух экземплярах;
14) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
15) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалар) (болған кезде) қоса береді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады
ҚР ТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр жұмысы бөлімінде Алматы қ., Қонаев көшесі 132, тел: 261-28-92 мекенжайы бойынша құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.