2022 жылғы сәуірде Алматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 215 төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 26%-ға аз (2021ж.-289). Бұл ретте 35864 адам (өрттен 14 адам, ГАҚ жарқылынан 2 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 35843 адам (COVID-19), қар көшкінінен 3 адам, дауылды жел салдарынан 2 адам) зардап шекті, оның ішінде 137 адам (өрттен 6 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 129 адам (COVID-19), қар көшкінінен 2 адам) қаза тапты.
2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны - 37271 адам (өрттен 17 адам, ГАҚ жарқылынан 2 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 37246 адам (COVID-19), ұшақ апатынан 6 адам), оның ішінде 440 адам (өрттен 3 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 433 адам (COVID-19), ұшақ апатынан 4 адам) қаза тапты (2-кесте).
Қаланың өрт сөндіру қызметі – 43 адамды құтқарды (2021ж. – 7,+6 есе), 204 адамды қауіпсіз жерге көшірді (2021ж. – 4, +51 есе). Дабыл бойынша 819 шығу жасалды (2021ж. – 935, -12%), оның ішінде өрттерге – 207 (2021ж. – 286, -28%), авариялық-құтқару жұмыстарына – 49 (2021ж. – 52,-6%), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 447 (2021ж. – 496, -10%), халықтың қырағылығына – 102 (2021ж. – 94,+9%), облысқа – 14 (2021ж. – 7,+2 есе).