2022 жылдың сәуір айында Түрксіб ауданы ТЖБ атқарылған жұмыстар туралы

2022 жылғы сәуір айында басқарманың инженерлік-инспекторлық құрамы 20 нысанда ерекше тәртіп бойынша тексеру және нұсқамаларды орындау бойынша 24 жоспардан тыс тексеру жоспарлады және жүргізді.

ҚР ӘҚБтК-нің 410 - бабы бойынша жүргізілген өрт– техникалық тексерулердің нәтижелері бойынша 4 әкімшілік жаза қолданылды (2021 ж. – 34): оның 1-бөлігі бойынша ескерту-2, ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігі бойынша 3 нысан Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Есепті кезеңде (25.04.2022 ж. жағдай бойынша) Түрксіб ауданының аумағында барлығы 20 өрт болды (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36 өрт), отта 1 адам қаза тапты, түрлі дәрежедегі жарақат алғандар тіркелген жоқ.

2022 жылдың сәуір айында өрт бойынша 2 әкімшілік материал жасалды: 410-баптың 1-бөлігі бойынша ескерту түрінде-2.

         Өрт қауіпті кезең басталғаннан бері Басқарманың инспекторлық құрамы ЖАО-мен бірлесіп құрғақ өсімдіктерді шабу жұмыстарын ұйымдастырды және автокөлік темір жолдарының бойында, сондай-ақ тұрғын үй қоры іргелес жерлерде және Алматы облысымен аумақ шекараларында минералданған белдеулер құрылды, атап айтқанда:

Рысқұлов даңғылының қиылысы мекен-жайы бойынша құрғақ өсімдіктерді шабу Құлжа трактісі, Суонио к-сі, Закарпатская к-сі, Асылбеков к-сі, Дегдар к-сі, Остроумов к-сі. Жалпы ауданы-25 га.

Минералдандырылған жолақтар мекен-жайлары бойынша: мкр. Әлмерек, Ш. Нұршашқан, Ш. Қайрат. Жалпы ұзындығы-20 км.

 

 

 

 

Дата публикации
30 апреля 2022