«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш қабылданған қызметкерлер үшін азаматтық қорғау саласында оқу сабақтары өткізілді

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасында жасалған меморандум аясында ағымдағы жылдың 4 мамырында Алматы қаласы ТЖ Департаментінің әскери қызметшілері Академияның Алматы филиал базасында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлермен «Жер сілкінісі кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеттері», «Төтенше жағдайлар кезінде дабыл чемоданын ұстау және қолдану», «ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсету» тақырыптары бойынша көшпелі сабақ өткізді.

Сонымен қатар, сабақ аясында тыңдаушыларға ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан жерлері жеткізілді, олар туралы ақпарат Алматы қаласының 2ГИС платформасында және ТЖД ресми сайтында орналастырылды, сондай-ақ ТЖ пайда болуы туралы халықты уақтылы хабардар етуге арналған «ДӘРМЕН» мобильді қосымшасының жұмыс принципі көрсетілді.

Азаматтық қорғау саласындағы оқу сабақтары мемлекеттік қызмет қызметкерлері үшін оқу жылына бекітілген кестеге сәйкес тұрақты негізде өткізіледі.

Сабаққа барлығы 26 тыңдаушы қатысып, сабақ қорытындысы бойынша 60 дана «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» және «Жер сілкінісі кезіндегі құрылымдық емес қауіп және оны азайту жолдары» жадынамалары таратылды.

 

Дата публикации
04 мая 2022