Жетісу ауданы ТЖ басқармасы қызметкерлері Алматы қаласында жалпықалалық сенбілік өтуіне байланысты Басқарма айналасындағы ауланы тазалау бойынша жұмыстар жүргізді.
Көліктегі өрттердің санын азайту, сондай-ақ көліктегі өрттер кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында Жетісу ауданының ТЖБ қызметкерлері техникалық байқау сапасын арттыруға, сондай-ақ техникалық байқау жүргізу кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштердің) болуын міндетті түрде тексеруге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізуде.
Жетісу ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде Көкжиек ықшам ауданы 57 және 17 көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының және қызмет көрсетуші ПИК өкілдерінің тұрғындардың саты алаңдарында жеке заттарын (арбалар, самокаттар, велосипедтер және т.б.) қою мәселесі көтерілуіне байланысты , Эвакуациялау жолдарын бітеу жолымен өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша жиын өткізілді, сондай-ақ оны бұзған жағдайда жауапкершілік шарасы түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 5.2-тармағын орындау мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауға жататын кәсіпкерлік субъектілерімен өзекті мәселелерді талқылау мақсатында кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 "балалар жылын жариялау туралы" Жарлығына байланысты Жетісу ауданы ТЖБ қызметкерлері №67 балабақша тәрбиешілерімен бірлесіп тәрбиеленушілермен өрт қауіпсіздігі, балалар тентектігі тақырыбында сабақ өткізді. Сондай-ақ балабақша қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді.
Еңлікгүл көшесі, 54 мекен-жайында орын алған өртке байланысты Жетісу ауданының ТЖБ қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ 12-ӨСБ жеке құрамымен бірлесіп үйлерді нүктелі аралау, сондай-ақ осы көше тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды, жиын барысында өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық өткізіліп, 50 дана жадынама табыс етілд
Алматы қаласы ТЖД Жетісу аудандық ТЖ басқармасы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша Алматы автомеханикалық колледжінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат барысында арнайы әзірленген жадынамалар таратылып, Академияға түсу бойынша түсініктемелер берілді.
.