Алматы қаласында жалпықалалық сенбілікке байланысты Наурызбай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері басқарманың айналасын тазалау жұмыстарын жүргізді.
Көліктегі өрттердің санын азайту, сондай-ақ көліктегі өрттер кезінде адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту мақсатында Наурызбай ауданы ТЖБ қызметкерлері техникалық байқау сапасын арттыруға, сондай-ақ техникалық байқау жүргізу кезінде алғашқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіштердің) болуын міндетті тексеруге бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.
Наурызбай ауданы әкімінің есеп беру кездесуінде көп пәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының, 57 және 17-үйлердің тұрғындарының саты алаңдарында жеке заттарын (арбалар, самокаттар, велосипедтер және т.б.) қоймалау бойынша мәселенің көтерілуіне байланысты.Көкжиек, сондай-ақ Қызмет көрсетуші ПИК өкілдерімен Эвакуациялау жолдарын бітеу жолымен өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзуға жол бермеу бойынша жиын өткізілді, сондай-ақ оны бұзған жағдайда жауапкершілік шарасы түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 11 наурыздағы №73 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Бағдарламасының іс-шаралар жоспарының 5.2-тармағын орындау мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауға жататын кәсіпкерлік субъектілерімен өзекті мәселелерді талқылау үшін кездесу өткізілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 "балалар жылын жариялау туралы" Жарлығына байланысты Наурызбай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері №184,172,45 балабақша тәрбиешілерімен бірлесіп тәрбиеленушілермен өрт қауіпсіздігі, балалар тентектігі тақырыбында сабақ өткізді. Сонымен қатар балабақша қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді.
Көше бойында орын алған өртке байланысты Наурызбай ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері Алматы қаласы ТЖД"ӨС және АҚЖҚ" ММ 18-МӨСБ жеке құрамымен бірлесіп үйлерді нүктелі аралау ,сондай-ақ осы көшенің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды, жиын барысында 50 дана жадынаманы табыстай отырып, өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулық өткізілді.
Алматы қаласы ТЖД Наурызбай ауданының ТЖ басқармасы ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына оқуға түсу бойынша мектептерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат барысында арнайы әзірленген жадынамалар таратылып, Академияға түсу бойынша түсініктемелер берілді.
Алматы қаласы ТЖД Наурызбай ауданының ТЖ басқармасы аудан әкімдеріне бекітілген кенеттен сейсмикалық тексерулерді өткізу жоспарына сәйкес №200,176,174 мектеп-гимназияларында кенеттен сейсмикалық тексеру жүргізді.