Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының 2022 жылдың сәуір айында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

         Әуезов ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы (бұдан әрі – ТЖБ) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жергілікті құрылымдық бөлімшесі және Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы жұмыс органы болып табылады.

          Басқарма ұстанымға сәйкес азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тиісті аумақта мемлекеттік азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өртке қауіпсіздігі мен  азаматтық қорғаныс салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, өрттердің алдын алумен және оны сөндіруді ұйымдастырады.

          Сонымен қатар, басқарма Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының лифт, газ және қазандық жабдықтарын бақылау бөлімінің қызметкерлерімен және Қызыл Жарты-Ай қорының еріктілерімен, сондай-ақ Әуезов ауданы әкімдігінің өкілдерімен бірге Өтеген батыр көшесі, 71а және 73 үй мекенжайы бойынша орналасқан жатақхана тұрғындарының газ баллондарын пайдалануына жол бермеу туралы алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шараларды өткізу барысында қызметкерлер жатақхана тұрғындарына 150 дана брошюралар мен жадынамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

          ҚР Президентінің 2022 жылды балалар жылы деп жариялауына байланысты, сондай – ақ көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайларының алдын алу мақсатында Басқармамен бірқатар алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты тұрғын үй-жайлардың терезелерінен құлау нәтижесінде балалардың қаза болуы мен жарақаттануының алдын алу және болдырмау болып табылады. Қызметкерлер тұрғын үй кешендерінің тұрғындарына терезелері ашық үй-жайда балаларды тиісті бақылаусыз қалдыру қаупі туралы түсінік берді.                        Басқарма қызметкерлері мектепке дейінгі білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігі тақырыбында бірқатар сабақтар өткізді. Мекеме тәрбиешілерімен өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізіліп, брошюралар мен жадынамалар таратылды.

          ҚР ТЖМ "Жас құтқарушылар жасақтары" жарысын өткізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында басқарма аудан жалпы білім беру мекемелерінің директорларымен кеңес өткізді, онда жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша орындалу мерзімі көрсетілген нұсқаулар мен түсініктемелер берілді.          

            Ағымдағы жылдың сәуір айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 1791 шығарылым ұйымдастырылды, оның ішінде: адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс бойынша - 12, LED экрандарда өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс желісі бойынша және СОО мен ТРК ішкі радио желісі бойынша - 1670, радиостанциялар бойынша - 88 сөз сөйлеу және баспасөзде жарияланған мақалалар бойынша - 12, әлеуметтік желілерде - 11.                             

  "Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі", "Электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері", "Улы газ!" тақырыптарында бейнероликтер күн сайын "Grand park", "Moskva", "Sputnik mall", "Тиграхауд" сауда орталықтарында көрсетіледі. Сондай-ақ, бұл бейнероликтер Әуезов ауданы әкімдігі мен ауданның білім беру мекемелерінің әлеуметтік желілерінде (Instagram, facebook) орналастырылды.

Дата публикации
29 апреля 2022