2022 жылдың наурыз айында Алматы қаласы ТЖД (бұдан әрі - Басқарма) Алатау ауданы бойынша 12 өрт тіркелді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4 жағдайға аз (16 өрт).
Сәуір айында Алатау ауданының 2021-2022 жылдарға арналған жеке тұрғын үйлерді аралау бойынша іс-шаралар аяқталды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Зерделі ықшам ауданында ПИК «Facility Management Group» басшыларымен бірлесе отырып тұрғындармен көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқаулық жиын өткізіліп, арнайы әзірленген жадынамалар таратылды. Жиын барысында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың барлық қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 497 жарияланым мен бейнесюжеттер шығару ұйымдастырылды, оның ішінде: теледидар бойынша – 3, адамдар көп жиналатын орындарда дауыс зорайтқыш байланыс арқылы 348 сөз сөйлеу, радиостанцияларда 53 сөз сөйлеу және баспасөзде 15 материал, әлеуметтік желілерде 78 материал орналастырылды.
Басқарма ағымдағы жылдың 06-07 сәуір аралығында Алатау ауданының №160,14,82,201,181,152,184,171,185,179 жалпы білім беру мекемелерінде 556 оқушыны қамти отырып, суреттер байқауын ұйымдастырып өткізді. Байқаудың басты мақсаты мен міндеті:
- балалардың өмірі мен денсаулығын оттан қорғау тұрғысынан өрт қауіпсіздігі қағидаларын зерделеу;
- балалардың өрт сөндіруші мамандығына қызығушылығын арттыру;
- балалардың отпен ойнауынан болатын өрттердің алдын алу және өртке қарсы тақырып бойынша балалар суреті арқылы өртке қарсы насихатты күшейту;
- отпен және өрт қауіпті заттармен абай болу, өрт сөндіру құралдарын пайдалану дағдыларын үйрету;
Өткізілген іс-шара балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі іс - қимылдар бойынша біліктіліктерін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, басқармада кәсіпкерлік субъектілерімен өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылаудың өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Алатау ауданының "AMANAT" партиясының кеңесшісі Жандайбек Д. Ж.;
Алматы қаласы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлер Палатасының Алатау аудандық филиалының директоры - Жалғасұлы Нияз;
Алатау ауданы ТЖ басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Таубеков Н.С. және Алатау ауданы ТЖ басқармасының жеке құрамы қатысты.
Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлерге нормативтік – құқықтық актілердегі өзгерістер, әкімшілік кедергілерді қысқарту және кәсіпкерлер үшін климатты жақсарту бойынша, сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулерді жүзеге асыру кезіндегі бақылау субъектілерінің құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат түсіндірілді. Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және әкімшілік жаза қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Алатау ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Таубеков Н.С. өз баяндамасында шағын және орта бизнесті дамытуда кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыруға ерекше рөл берілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 сәуірінде басқарма №154 КММ мектебінде сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығу 715 адамды қамтыды және жаттығу кезінде жерсілкінісе кезінде орындалуы қажет іс-әрекеттер іс жүзінде көрсетілді.
2022 жылдың наурыз айында Алматы қаласы ТЖД қалалық курстарында 8 санат бойынша 13 адам азаматтық қорғау басшы құрамын даярлаудан және қайта даярлаудан өтті.