ТЖД қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында көшпелі сабақ өткізді

Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы ағымдағы жылдың 18 сәуірінде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Алматы қаласы бойынша филиалының базасында «Жер сілкінісі кезінде қызметкерлердің іс-қимылдары», «ТЖ дабыл шабаданды ұстау және қолдану», «ТЖ алғашқы көмек көрсету» тақырыптары бойынша көшпелі сабақ өткізілді.

  Оқыту барысында тыңдаушыларға ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінің орналасқан жерлері туралы жеткізілді, ол жайында ақпарат Алматы қаласының 2ГИС платформасында және ТЖД ресми сайтында орналасқан сондай-ақ «ДӘРМЕН» мобильді қосымшасының жұмыс принципі көрсетілді, нәтижесінде тыңдаушылар өз телефондарына бағдарламаны жүктеп алды.

  Қамтылған қызметкерлердің жалпы саны 28 адамды құрады. Сабақ аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға «Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам» мен «Жер сілкінісі кезіндегі құрылымдық емес қауіп және оны азайту жолдары туралы» 60 дана жадынама таратылды.

 

Дата публикации
18 апреля 2022