Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «Оқу орындарының азаматтық қорғаныс бастықтары және олардың орынбасарлары» оқытылды.

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары бекіткен 2022 оқу жылына арналған Алматы қаласы ТЖ Департаментінде АҚ саласында даярлаудан және қайта даярлаудан өту үшін тыңдаушылар тобының санаттарын жинақтаужоспарына сәйкес 2022 жылғы 11-15 сәуір аралығында департамент базасында Аламаты қаласындағы оқу орнындарының басшы тұлғаларымен саны 42 адам 25 сағаттық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде басшылар мен қызметкерлердің негізгі іс-әрекеттері, ТЖ кезінде халықты хабардар ету,ТЖ кезінде зардап шеккен халықты қабылдау пунктерінің әкімшілігі туралы айтылды.

Бір апталық курстың қорытындысы бойынша тыңдаушылар қорытынды тестілеуден өтті, онда барлықтары жоғары білім деңгейін көрсетті және оқудан өткен туралы тиісті сертификаттар алды.

Дата публикации
18 апреля 2022