2022 жылғы I тоқсанда АЛМАТЫ қаласының АУМАҒЫНДА ОРЫН АЛҒАН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ТАЛДАУ (01.04.2021 жылғы жағдай бойынша)

2022 жылғы I тоқсандаАлматы қаласының аумағында табиғи және техногендік сипаттағы 157 төтенше жағдай тіркелген (1-кесте), бұл 2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда 30% -ға аз (2021ж.-226).  Бұл ретте 35677 адам (өрттен 12 адам, ГАҚ жарқылынан 2 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 35660 адам (COVID-19), қар көшкінінен 1 адам, дауылды жел салдарынан 2 адам) зардап шекті, оның ішінде 135 адам (өрттен 5 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 129 адам (COVID-19), қар көшкінінен 1 адам) қаза тапты.

2021 жылғы кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны - 16200 адам (өрттен 16 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 16178 адам (COVID-19), ұшақ апатынан 6 адам), оның ішінде 225 адам (өрттен 2 адам, қауіпті жұқпалы аурулардан 219 адам (COVID-19), ұшақ апатынан 4 адам) қаза тапты (2-кесте).

Қаланың өрт сөндіру қызметі – 33 адамды құтқарды (2021ж. – 7), 127 адамды қауіпсіз жерге көшірді (2021ж. - 4). Дабыл бойынша 567 шығу жасалды (2021ж. – 640), оның ішінде өрттерге – 150(2021ж. - 224), авариялық-құтқару жұмыстарына – 31(2021ж. - 44), өрт ретінде есепке алынбаған жану оқиғаларына – 296 (2021ж. - 304), халықтың қырағылығына – 81 (2021ж. – 62), облысқа – 9 (2021ж. – 6).

Дата публикации
08 апреля 2022