Есеп ҚР ТЖМ Алматы қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының 2022 жылдың І-тоқсанында атқарған жұмыстары туралы

Төтенше жағдайларды жою басқармасы (бұдан әрі-басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министірлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

         Басқарма өзінің қызметтік іс-әрекетінде - Қазақстан Республикасының Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы нормативтік құқықтық актілерін, басқарманың ережесін, Төтенше жағдайлар министірлігінің, Департаменттің, сондай-ақ ТЖ жою басқармасының 2022 жылға арналған жоспарларын басшылыққа алады.

Басқармадағы штаттық  құрылымына сәйкес 5 бірлік, оның ішінде: 4 азаматтық қорғау органдарының қызметкері (басқарма бастығы, бас маман, аға инженер, инженер) және 1 әкімшілік мемлекеттік қызметші (бас маман) бар.

Департаменттің 2022 жылдың І-тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес Төтенше жағдайларды жою басқармасына 9 тармақ бекітіліп, толық көлемде орындалды.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайларды жою басқармасы 2022 жылдың І-тоқсанында мынадай жұмыстар атқарды:

Қаңтар оқиғасы кезеңінде өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін басқарма қызметкерлері АҚЖШ және ПД жедел штабтарының жұмысына белсенді қатысты және тіршілікті қаматамасыз ету объектілірінің қызметін мониторинг жүргізу және күштер мен құралдарды үйлестіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Алматы қаласының тұрғындары мен аумақтарын 2022 жылғы көктемгі кезеңдегі тасқын сулардан қорғау үшін басқарма төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелерінен, Азаматтық қорғау қызметтерінен, Алматы қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарынан тұратын, жалпы саны 1609 адамнан, әртүрлі мақсаттағы 618 бірлік техникадан, 5 бірлік жүзу құралдарынан, 85 мотопомпадан, сондай-ақ автономды электр станцияларының 99 бірлігінен тұратын су тасқыны кезеңіндегі ТЖ жоюға тартылатын күштер мен құралдар топтамасына түзету жүргізді. Қаланың азаматтық қорғау қызметтерінде 13 700 қап, 470 тонна құм, 120 тонна құм-қиыршықтас қоспасы, 62,4 тонна дизель отыны, 32,8 тонна бензин, 1175 бірлік шанц аспабы бар.

2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығын тексеру және ағымдағы жылдың 8-9 ақпан аралығында қолда бар мәліметтерді салыстыру мақсатында басқарма қызметкерлері Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің инертті материалдарды сақтау орындарын аралады.

Нақтылау барысында Департаментке интертті материалдардың болуы туралы ұсынылған деректер сәйкес келетіні анқталды.

ҚР ТЖМ ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 03-04 наурызда Алматы қаласында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

«Тасқын-2002» сигналы бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары топтамасы Райымбек даңғылы мекен-жайы бойынша жедел шығуы жүзеге асырылды. Фариза Оңғарсынова көшесінде  «Қарғалы» өзенін тереңдету жұмыстары, ұзындығы 1 км астам қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардан кейін су өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді және жалпы тұрғын халқының саны 130 адамнан асатын 57 жеке тұрғын үйді су басу қауіпін жояды.

         Оқу-жаттығу шеңберінде Алатау ауданының №181 ЖББМ базасында әкімшіліктің пунктін, Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын (Алматы қаласының құтқару қызметі, Қоғамдық тәртіптік қорғау қызметі, Сауда және тамақтану қызметі, Көлік қызметі), Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының волонтерлерін тарта отырып, Алматы қаласының Медициналық аппаттар орталығымен  баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункті ашылды.

Зардап шеккен халықты орналастыруға және демалуға арналған үй-жайлар, асхана, ана мен бала бөлмесі, көмендант, психолог кабинеті, сондай-ақ пункті қоғамдық тәртіпті қорғаумен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету көзделді.

Халықтың бірінші кезекте тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау пукті азық-түлікпен, жылы киіммен, төсек-орын жабдықтарымен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ зардап шеккендерді тасымалдау жағдайына арналған автокөлігін және пункт аумағында жылжымалы далалық ас үй элементтері және температуралық режимді ұстап тұруға арналған жабдығын, зардап шеккендерді орналастыру үшін шатырлы лагері орналастырылды.

Сонымен қатар, қаланың 7 ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін ҚТҚ мен бұтақтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оқу жаттығуға жеке құрамның 60 адамнан тұратын ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкері, жеке құрамның 30 адамнан тұратын ҚР «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкері, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ волонтерлік ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері және жалпы саны 247 адам мен 67 арнайы техника тартылды. Оқу-жаттығуға барлығы 337 адам мен 67 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу аясында өзендері мен каналдардың арналарының 42 км. тазартылып, 520 кубметрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Жалпы алғанда Алматы қаласы  ТЖД басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары мен бөлімшелері көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою іс-қимылына дайындығын көрсетті.

Оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Жауған жауын-шашынға байланысты қалада көшелер мен аула аумақтарында 42 жергілікті су басуы тіркелді. Су басуды жою үшін жеке құрамнан 81 адам, 32 бірлік техника, 20 мотопомпа, 750 текше метрден астам су таратылды. 1 300 қап, 65 тонна инертті материалдар пайдаланылады. Басқарма қызметкерлері күштер мен құралдарды үйлестіруді қамтамасыз етті.

Күзетілетін адамдар алматы қаласына келген уақытта басқарма қызметкерлері күзет іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті рәсімделген құжаттарды дайындады, сондай-ақ жедел штабтардың жұмысына қатысты.

Дата публикации
08 апреля 2022