2022 жылдың 05 сәуірінде Алматы қаласы ТЖД базасында «Жас құтқарушы» клубтарымен (үйірмелерімен) жұмыс туралы жедел кеңес өткізілді, оған Алматы қаласы Білім басқармасының «Оқушылар сарайы» МКҚК туристік-өлкетану бөлімшесінің басшысы Р.Р. Игамбердиев, «ҚР Қызыл Жарты Ай» ҚБ Алматы филиалының директоры А.С. Жүрсіналиева және Алматы қаласының ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары шақырылды.
Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Е.Ә. Әлібековтің кіріспе сөзінен кейін Төтенше жағдайларды жою басқарамасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ш.Н. Касимов баяндама жасады, онда балалардың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасын қалыптастыру, тұрақты практикалық дағдалар мен өзін-өзі ұстай білу мақсатында төтенше жағдайда алдын алу, өскелең ұрпақтың құтқарушы мамандығына жалпы бағдарлануын қалыптастыру, ТЖ жою басқармасы аудандық ТЖ басқармаларымен бірлесіп «Жас құтқарушы» клубтарымен (үйірмелерімен) жұмыс жалғасуда.
2022-2023 оқу жылына арналған «Жас құтқарушы» клубтарымен (үйірмелерімен) жұмысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және «Жас құтқарушы» спорттық жарыстарына қатысушылардың қалалық слетін өткізу туралы Ереже әзірленді және Алматы қаласы Білім басқармасымен келісілді.