Іс-шараға Департаменттің Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі С.Шакалова, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр бөлімшесінің бастығы азаматтық қорғау майоры А. Аблазимов қатысты.
Департамент қызметкерлері қатысушыларды азаматтық қорғау органдарына қызметке үміткерлерге қойылатын талаптар туралы хабардар етті. Олар қызметтің ерекшеліктері туралы, сондай-ақ өрт сөндірушілердің күнделікті қызметінде атқаратын міндеттері туралы айтты. Үміткерлерді қызметке іріктеу, рәсімдеу және тағылымдамадан өту процесі қалай өтіп жатқанын егжей-тегжейлі түсіндірді. Әлеуметтік кепілдіктермен байланысты мәселелер, сондай-ақ М. Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында тегін білім алу мүмкіндіктері айтылды.
Кездесу соңында кадрлық бөлімшелердің басшылары көптеген сұрақтарға жауап беріп, «өртсөндіруші» мамандығын таңдауға үмітбілдірді.
Өз өмірін азаматтық қорғау органдарындағы қызмет пен байланыстырғысы келетіндер Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 132 мекен жайына немесе 8(727) 261-28-92 телефоны бойынша хабарласа алады.