Төтенше жағдайлардепартаменті Алматы қаласының химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

Төтенше жағдайлардепартаменті Алматы қаласының химиялық қауіпті объектілердің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді

        2022 жылғы 11 наурызда Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары полковник Ерлан Әлібекұлы Әлібековтің төрағалығымен өзінің технологиялық процесінде химиялық зат-аммиакты қолданатын ұйымдардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелдің мақсаты халықты және қала аумағын аммиактың әсерінен қорғау бойынша қажетті іс-шараларды өткізу болып табылады.

         Дөңгелек үстел шеңберінде жақын тұратын халыққа зиянды әсерді болдырмау үшін химиялық объектілер өндірісін қауіпсіз хладагентке (фреон) ауыстыру, берілген дәлдік пен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қолданыстағы технологиялық жабдықтарды заманауи автоматтандырылған аммиакты тоңазытқыш қондырғыларына жаңғырту, сондай-ақ халықты жедел хабардар ету және ықтимал аварияларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін Алматы қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайларындағы басқармасының дағдарыс-жағдайлық орталығымен объектілердің жергілікті хабарландыру жүйелерін интеграциялау мәселелері талқыланды.

         Негізгі баяндамашы Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Исхар Хусаинұлы Савазов болды.     

         Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша химиялық объектілердің барлық өкілдеріне химиялық апат болған жағдайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Дата публикации
31 марта 2022