Азаматтық қорғаныс айлығын өткізу қорытындысы

Азаматтық қорғаныс айлығы шеңберінде ағымдағы жылғы 14 ақпаннан 25 наурызға дейінгі кезең де қала аумағында мынадай іс-шаралар өткізілді.

         Барлық жалпы білім беретін мектептерде «Дүниежүзілік АҚ Күні» тақырыбында суреттер, плакаттар, шығармалар, өлеңдер, әндер мен спорттық эстафеталар жасау бойынша конкурстар өткізілді. Қала бойынша әзірленген құралдардың (суреттер, өлеңдер, әндер, плакаттар және т.б.) жалпы саны 28 319 материалды құрайды.

         2167 адамды қамтитын 26 ұйымда әдістемелік көмек көрсету арқылы оқу-көшпелі сабақтар ұйымдастырылып, өткізілді, АҚ және ТЖ бойынша деректі фильмдер көрсетіліп, әңгімелесулер өткізілді.

         Сондай-ақ Дүниежүзілік АҚ күнін мерекелеу шеңберінде18 бейнеролик оның ішінде 6 бейнеролик ротациясы 165 электрондық баннер мен ЛЭД экранда, қаланың 51 медиабордында және адамдар көп жиналатын орындар (СОО, СҮ, ХҚКО, Метро, ТЖ вокзалдары, әуежай, базарлар, базарлар және т.б.)276 объектіде жүргізілді.

         Министрліктің имиджін көтеру мақсатында #GOMCHS – 15 күштік челлендждері іске қосылды, оның мәні жеке қорғаныс құралдарында және толық жауынгерлік жабдықтарда әртүрлі дене жаттығуларын орындау болды.

         Қаланың 6 химиялық қауіпті объектілерінде 184 адамды қамтумен «Аммиактың төгілуіне байланысты авария кезіндегі жұмыс персоналының іс-қимылы» тақырыбында авариялық жағдайлар бойынша көрнекі оқу жаттығулары өткізілді.

         Жалпы саны 238 адамды қамтитын «Жер сілкінісі болған кездегі әкімдік қызметкерлерінің іс-қимылдары» тақырыбында қаланың аудандық әкімдіктерінің
8 әкімшілік ғимаратында сейсмикалық жаттығулар жүргізілді.

         Бұдан басқа қаланың 8 жалпы білім беретін мектептің базасында 1320 адамды қамтумен құрама (қабылдау) эвакуациялық  пунктерін өрістете отырып, көрнекі жаттықтырулар ұйымдамтырылып өткізді

         1 наурызда Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп АҚ ардагерлерінің үйлеріне бару ұйымдастырылды, кездесу барысында Департамент қызметкерлері оларға азаматтық қорғау органдарындағы еңбегі үшін алғыс айтып, оларға азық-түлік себеттері бар гүлдердітабыс етті.

Сонымен қатар, 1 наурызда Департамент Министрліктің аумақтық бөлімшелерімен және «Алматы қаласының құтқару қызметімен» бірге, Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу шеңберінде «Құтқарушылар» аллеясындакөрмелер ұйымдастырылып, келесі іс-шаралар өткізілді:

Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері ТЖ кезінде алғашқы көмек көрсетуді оқыту бойыншамастер-класс өткізді;

«6 балға дейінгі жер сілкінісінің симуляторы» тренажеріндежер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойыншаДепартамент қызметкерлері практикалық көрнекі және теориялық сабақтар өткізді;

АТП-54 арнайы өрт сөндіру техникасында оқушылар мен студенттерге практикалық жүргізу өткізілді;

Құтқару қызметі мен Республикалық жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептеріменқызметкерлері өз өнерлерін көрсетті;

М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу бойынша бейнероликтеркөрсетіліп, үгіттеу–түсіндіру жұмыстары, көрнекі құралдар (брошюралар, жадынамалар)таратылды;

спорттық жарыстары (жауынгерлік киім мен жарақтарды кию, арқан тарту, белтемірге тартылу, қырлы бөренелерге жаттығулар), балаларды тасымалды сөндіру құралдарын қолдануға практикалық жаттығулар (ГИРС-400) өткізілді;

Қатысушылардың жалпы саны 3000-нан астам адамды құрады.

1-8 наурыз аралығында Департамент Министрліктің аумақтық бөлімшелерімен және «Алматы қаласының құтқару қызметімен» бірлесіп, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге және медициналық көмек көрсетуге арналған техниканы, жабдықтарды көрсете отырып, «Ашық есік күндерін» ұйымдастырды және өткізді, оған қаланың 224 жалпы білім беретін мектептерінен 6896-дан астам оқушы қатысты.

Жоғарыда аталған барлық жұмыстар БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланды. Барлығы 1671 материал орналастырылды, оның ішінде 692 әлеуметтік желілерде жарияланым, 154 материал YouTube каналында, 8 мақала баспа басылымдарында, 529 жарияланым ақпараттық агенттіктерде, 41 радио сөз сөйлеуде,Департамент сайттарында және қаланың білім беру объектілерінде
4 теледидарда сөз сөйлеу, 248 жарияланым, ТЖ кезіндегі тұрғындардың іс-әрекеттері бойынша 13 215 жадынама мен кітапшалар таратылды.

Алматы қаласында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні өткізуге қатысқандардың жалпы саны 249 000-нан астам оқушыны, балалар мен студенттерді құрады.

Дата публикации
25 марта 2022