Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ (бұдан әрі-Қызмет) 2022 жылғы 3 наурызда C-SGU-11 санаты бойынша, саны 1 бірлік психологиялық қызмет тобының бас маман-психологының бос лауазымына конкурс жариялады.
Іріктеу қорытындысы бойынша конкурсқа қатысушылар берген құжаттарды қарап, қатысушымен әңгімелесу өткізіп, іріктеуді жүзеге асыра отырып, қызметтің конкурстық комиссиясы Азамат Ниязымбетұлы Ешібетовке дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруға рұқсат берді