Есеп «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы барысында Алматы қаласында өткізілген іс-шаралар туралы

ҚР ТЖМ ұйымдастырушылық нұсқауларына сәйкес 03-04 наурызда Алматы қаласында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

«Тасқын-2002» сигналы бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары топтамасы Райымбек даңғылы мекен-жайы бойынша жедел шығуы жүзеге асырылды. Фариза Оңғарсынова көшесінде  «Қарғалы» өзенін тереңдету жұмыстары, ұзындығы 1 км астам қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардан кейін су өткізу қабілетін жақсартуға мүмкіндік береді және жалпы тұрғын халқының саны 130 адамнан асатын 57 жеке тұрғын үйді су басу қауіпін жояды.

         Оқу-жаттығу шеңберінде Алатау ауданының №181 ЖББМ базасында әкімшіліктің пунктін, Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын (Алматы қаласының құтқару қызметі, Қоғамдық тәртіптік қорғау қызметі, Сауда және тамақтану қызметі, Көлік қызметі), Қазақстан Қызыл Жарты Ай қоғамының волонтерлерін тарта отырып, Алматы қаласының Медициналық аппаттар орталығымен  баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункті ашылды.

Зардап шеккен халықты орналастыруға және демалуға арналған үй-жайлар, асхана, ана мен бала бөлмесі, көмендант, психолог кабинеті, сондай-ақ пункті қоғамдық тәртіпті қорғаумен қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету көзделді.

Халықтың бірінші кезекте тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау пукті азық-түлікпен, жылы киіммен, төсек-орын жабдықтарымен және жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ зардап шеккендерді тасымалдау жағдайына арналған автокөлігін және пункт аумағында жылжымалы далалық ас үй элементтері және температуралық режимді ұстап тұруға арналған жабдығын, зардап шеккендерді орналастыру үшін шатырлы лагері орналастырылды.

Сонымен қатар, қаланың 7 ауданында өзен арналары мен арық жүйелерін ҚТҚ мен бұтақтардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Оқу жаттығуға жеке құрамның 60 адамнан тұратын ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкері, жеке құрамның 30 адамнан тұратын ҚР «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкері, қаланың азаматтық қорғау қызметтері, ҚР ТЖМ волонтерлік ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері және жалпы саны 247 адам мен 67 арнайы техника тартылды. Оқу-жаттығуға барлығы 337 адам мен 67 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу аясында өзендері мен каналдардың арналарының 42 км. тазартылып, 520 кубметрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Жалпы алғанда Алматы қаласы  ТЖД басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары мен бөлімшелері көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою іс-қимылына дайындығын көрсетті.

Оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.

Дата публикации
10 марта 2022