Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті Алатау ауданының 2021 жыл есебі

Алатау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының 2021 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

2021 жылдың 12 айында Алатау ауданы бойынша 149 өрт тіркелді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 32 жағдайға артық (117 өрт).

2021 жылы қаза болғандар тіркелген жоқ, өрттен зардап шеккендер 1 адам, 2020 жылы өрттен 5 адам қаза тапты, оның ішінде 2 бала, 7 адам зардап шекті, оның ішінде 3 бала, улы және табиғи газбен улану 2021 жылы 5 жағдай (оның ішінде 16 адам 11 бала), 2020 жылы 4 жағдай (10 адам) тіркелді.

Алатау ауданының аумағында 37800 жеке тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 37 198 қатты отынмен 602 үй газбен жылытылады.

Бұрынғыдай, өрттің ең көп саны бақыланбайтын нысандарда орын алады. 138 өрттің 90-ы тұрғын үй секторында ол 54% - ға (2020 ж.-67), көлікте 17-ге (2020 ж.-14) өсті.

Бақылаудағы және бақылаудағы емес объектілерде 2021 жылы 17 өрт тіркелді (10 шағын бизнес).

Ашық аумақтарда құрғақ өсімдіктер мен қоқыстың 154 жағдайы тіркелді (2020 ж - 257), алдынғы жылмен салыстырғанда 103 жағдайға азайды (-40,08%).

Автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ тротуарларға іргелес жатқан учаскелерде құрғақ өсімдіктердің жануын азайту мақсатында Алатау ауданы әкімінің аппараты алдын ала минералданған жолақтарды құру бойынша іс-шараларды ұйымдастырды. 2021 жылғы 01 маусымнан 30 тамызға дейін ұзындығы 70 км өртке қарсы жырту, сондай-ақ ауданы 100 Га шөп шабу жұмыстары жүргізілді.

2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық мақсатында қатты отынмен жұмыс істейтін үйлерде (602 үй) тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының (442 адам) тізімі жаңартылды, БК және АҚЖ ММ бөлімшелерімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі шаралары туралы жадынамалар таратылып, үйме үй аралау жүргізілді.

Халықпен 86 жиын өткізіліп, өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 28 мың 200 жадынама таратылды. ПИК басшыларымен көп пәтерлі тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша 5 жиын өткізілді.

      Алдын алу жұмыстары барысында 37 мың 800 үй қайта тексеріліп (жалпы санынан 100%), қатты отынмен жылытылатын үйлерде (көп балалы отбасы) 4 улы газ датчигі орнатылды.

Жалпы саны 6700 (2020 жылы - 5300) дана "өрт кезіндегі халықтың іс-әрекеті", "жылыту кезеңінде пеш жабдықтарын пайдалану", "биік ғимараттарда өрт туындаған кезде өзін-өзі ұстау ережелері", "автокөлік техникасын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері" тақырыптарында буклеттер таратылды.

2021 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өрт қауіпсіздігі шараларын және басқа да бағыттарды насихаттау бойынша 1726 жарияланым мен бейнесюжеттер шығару ұйымдастырылды, оның ішінде: теледидар арқылы – 13 (2020 жылы – 19), адамдар көп жиналатын жерлерде дауыс зорайтқыш байланыс арқылы 840 сөз сөйлеу (2020 жылы – 2292), радиостанцияларда 572 сөз сөйлеу (2020 жылы – 400) және баспасөзде 215 материал (2020 жылы – 112), әлеуметтік желілерде 86 материал жарияланды (2020 жылы – 208).

Апта сайын басқарма (сенбі және жексенбі күндері) ЖҚ "Жас Отан", ҚР Қызыл Жарты Ай Қоғамы, ҚБ "Еріктілер лигасы" және "ҚазТрансАймақ" бірлесіп жеке тұрғын үйлерді аралап, жадынамалар мен "тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі" нұсқаулықтарын таратты.

2021 жылға басқармамен ерекше тәртіпте 132 объектіні тексеру жоспарланған, оның ішінде 109 объекті тексерілді (2020 жылы - 215, 75 объекті тексерілді).

Нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс 101 тексеру жүргізілді (2020 жылы - 411).

2021 жылдың қаңтарында ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академияна (бұдан әрі - АҚА)  кандидаттарды сапалы жинақтау мақсатында аудан мектептерінің түлектерімен «ZOOM» бейнеконференцбайланыс арқылы "Азаматтық қорғау Академиясына түсудің беделі" тақырыбында сұхбаттасу өткізілді. Конференция 297 оқушы қатысты. Алатау ауданында орналасқан мектептердің тізімдері жаңартылып, АҚА түсу туралы үлестірме материалдардың қажетті саны басылып дайындалды.

Аудан аумағында орналасқан жалпы білім беретін мектептердің ресми сайттарында, сондай-ақ олардың Facebook, Instagram парақшаларында үгіт-насихат ақпараты және азаматтық қорғау Академиясына түсу қағидалары орналастырылды.

2020-2021 жж. су тасқыны кезеңінің қорытындысы бойынша су басу тәуекелі бар жерлерге жүйелі талдау жүргізіліп нәтижесінде 10 су тасқыны қаупі бар учаскі анықталды.

2021 жылы 3 участкіде су басу қауіпі жойылды олар:

Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасымен су басу қаупі бар  3 учаскеге Алматы қаласы әкімдігінің резервінен бөлінген(жалпы сомасы 497 млн. 900 мың теңге) ақшалай қаражат есебінен, су тасқыны қауіпі жойылды:

1) Алғабас шағын ауданы,, Алдияр көшесі (Қарасай батыр көшесі қиылысы) арықтар салынды;

2) Әйгерім-1 шағын ауданы, Набережная көшесінде арықтардың құрылысы жүргізілді;

3) Көкқайнар шағын ауданы Ақбастау көшесінде Боралдай өзенінің арнасын кеңейту және абаттандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған алдын алу іс-шараларын ескере отырып, Алатау ауданында су тасқыны қаупі бар учаскелердің жалпы саны 7-ге дейін төмендетілді.

Осы 7 учаске бойынша бүгінгі таңда төмендегі жұмыстар жүргізілуде:

1) Әйгерім шағын ауданы, Боткин көшесі, Жасыл экономика басқармасымен ЖСҚ әзірленді. Жұмыстар 2021 жылдың желтоқсан айында басталды;

2) Қарасу шағын ауданы, Аралқұм көшесі бойындағы №24 үйдің жанында Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы ЖСҚ әзірледі. Жұмысты ағымдағы жылдың наурыз айында бастау жоспарлануда;

3) Шаңырақ-2 шағын ауданы, Қаракемер көшесі, №119 үйдің жанында, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы ЖСҚ әзірледі. Жұмысты биылғы жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр;

Қалған 4 учаске бойынша Алатау ауданы әкімі аппаратымен 2022 жылға арналған аумақты абаттандыру есебінен жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізу мәселесі қарастырылуда.

4) Ақмола к-сі, № 5 үйдің жаны;

5) Кудерин көшесі, №2 үйдің жаны;

6) 13-14 аумақ шағын ауданы, Тимофеев көшесі бойынша;

7)Ташкент трактісі, 541 (Қалалық балалар жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы), Алатау ауданы әкімінің аппараты арық желісін салуға (1600 п.м.) және жол төсемін төсеуге (4100 м2) өтінім берді. Бүгінгі таңда бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Бұдан басқа, 2021 жылғы тамызда Алматы қаласы ТЖД (бұдан әрі - Департамент) бастамасымен арық желілерінің проблемалық учаскелерін анықтау үшін комиссиялық аралау ұйымдастырылды. Комиссияға Алатау ауданы ТЖБ және Алатау ауданы әкімі аппаратының мамандары қатысты. Аралау қорытындысы бойынша 3 проблемалық учаске анықталып, олардың су өткізу қабілеті уақтылы тазалау, конструкциялардың апаттылығы және т. б. салдарынан бұзылған.

Арық желілерінің проблемалық учаскелерінде су басу қаупі бүгінгі күні 2 учаскеде жойылды (арықтарды тазалау және Боралдай өзенінің арнасын кеңейту және абаттандыру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді, олар:

1) №1учаске (Көкқайнар шағын ауданында, Ақбастау көшесінің бойында, № 81 үйдің жанында өтетін арық жүйесі) құрылыс жұмыстары жүргізілді;

2) №2 учаске (Шаріпов көшесі оңтүстік бағытта, балабақша жанындағы арық жүйесіндегі бетон құбырын тазалау) Алатау ауданы әкімі аппаратының мердігерлік ұйымымен магистралды көшелердегі арық жүйелерін тазалау бойынша "Нұр Ниет" қоғамдық бірлестігімен бетон құбырлары мен арық жүйелерін тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді.

№ 3 учаске Әйгерім шағын ауданы  Сухэ батор 22,24,26,31,21 мекен-жайы бойынша 2022 жылға қалып отыр. Бұл мәселені шешу үшін диаметрі (d-1000 мм) бетон құбырын жоғары өткізу қабілеті бар құбырларға ауыстыру қажет. Бұл мәселе, Алатау ауданы әкімінің аппаратымен 2022 жылы аумақтарды абаттандыру есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарына енгізу қарастырылуда.

Алматы қаласының гидротехникалық құрылыстарының тасқын суларды қауіпсіз өткізуге дайындығын бағалау мақсатында, 18.03.2021 жылы Департамент Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының (БАБИ), Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының, Қазселденқорғау басқармасының және Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының мамандарын тарта отырып, Алматы қаласы аумағындағы барлық ГТҚ-ның жай-күйіне комиссиялық тексеру ұйымдастырды.

Зерттеу нәтижесі бойынша Алатау ауданындағы 8 ГТҚ-ның ішінен 2 ГТҚ (1 Д.А. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы су торабы және Бекмұрат тоғаны) жағдайы қанағаттанарлық екендігі анықталды,  6 ГТҚ - ға (Көкқайнар каскадтарында-тоғандарындағы бөгеттердегі  шандорлы құрылғыларға) жөндеу жүргізу қажет.

Жөндеуді қажет ететін Томирис шағын ауданында орналасқан 6 ГТҚ ("Көк-Қайнар" тоғандары) Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасының  теңгерімінде (балансында), бөгеттерді қайта жаңартуға және авариялық төгінділерді қалпына келтіруге басқармамен ЖСҚ әзірленді, ол сараптама сатысында тұр.

Көшкін учаскелері

Алатау ауданында 2 (екі) көшкін қаупі бар учаске анықталды:

1-ші учаске - "Құрылысшы" шағын ауданында (Ботақара көшесі, № 78, 84, 38а, 43 үйлер және Тереңқара өзені бойындағы нөмірі жоқ үйлер). Жоғарыда аталған 5 үйлерде иелері құрылыс кезінде қосымша нығайтусыз төбе баурайын кесуге рұқсат берілген.

2-ші учаске - "АлЭС" Акционерлік қоғамы 2-ЖЭО-ның төменгі жағында орналасқан "Энергостроитель" Баубақша серіктестігі тұтынушы кооперативіндегі (№№78, 84, 89, 92а, 94 учаскелерде салынған саяжай үйлері). 2020 жылы Алматы қаласы әкімінің аппараты жоғарыда аталған көшкін учаскелеріне паспорттауды әзірледі.

Алатау ауданында орналасқан (8 - су қоймасы, 1-коллектор, 1 – ҮАК (Үлкен Алматы каналы және 2 - күл үйіндісі), оның 4 - і қауіпсіз емес (Томирис; шағын аудандағы Джигитовка өзенінің арнасында орналасқан №6  су тоғаны (каскады), Қарасу шағын ауданындағы, Завод к-сі "Крестовоздвиженский ғибадатханасының" жанындағы атауы жоқ су айдыны; Теректі шағын ауданындағы жасанды кәріз коллекторы, Байбесік және Өжет шағын аудандары арасында орналасқан   Тереңқара өзенінің арнасындағы атауы жоқ су айдыны). Осыған байланысты, басқармамен қыс мезгілінде "Абайлаңыз! Жұқа мұз!" 13 дана (қаңтар-наурыз) және 4 дана (қараша-желтоқсан) және шомылу маусымы кезеңінде (маусым-қыркүйек) 7 дана «Шомылуға тыйым салынады» тақтайша белгілері орнатылды.

Теректі шағын ауданының кәріз жүйесіндегі сүзгі алаңында (жиналған сарқынды суларды) жою бойынша қажетті шаралар қабылданды. Сүзгі алаңын бойлай қоршау жұмыстарын "Қазмис" қауымдастығының шаруа қожалықтарының меншік иесі жүргізді. Сондай – ақ, меншік иесі жиналған сарқынды сулардың орнын кептіру және осы учаскені топырақпен тегістеу бойынша жұмыстар жүргізді (Оңтүстік – Шығыс бетінің 60 метрге жуығы, солтүстік-батыс бетінің 10 метріне жуығы топырақпен көмілген, сондай-ақ су жиналатын жерге төселген жыралар көмілген, бұдан басқа аумақтың бір бөлігі 270 метрге жуық қоршалған).

Жергілікті тұрғындармен балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыруға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 240 дана жадынама таратылды.

Алматы қаласында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті азаматтық қорғаныс" ұранымен 2-3 наурыз аралығында Мектепке дейінгі, орта және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқытудың интернет-платформаларын пайдалана отырып сурет конкурстары – 16, плакаттар конкурстары – 5, шығармалар конкурстары – 8, өлеңдер – 8, әндер – 2, спорттық эстафеталар – 4 өткізілді, Азаматтық қорғаныс күніне арналған 5 бейнеролик әзірленді, 55 оқушыны қамтитын интерактивті сабақ - 1, ашық сабақтар-52, челлендждер – 8. Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне арналған 26 жарияланым, Instagram – 10, Facebook – 16 әлеуметтік желілерінің беттерінде, ауданның жалпы білім беретін 26 мектептерінің сайттарында ұйымдастырылды. №14, 22, 23, 25, 29 қалалық емханалардың, Кенжехан, Қазына, Арлан, Ақбұлақ, Еуразия базарларында, Алатау сауда үйінің Led-экрандарында 12 бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды.

Ұйымдар қызметкерлері мен аудан тұрғындарын түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мақсатында басқарма "Көктем-2021" және "Қыс-2021"РКШЖ-ға қатысты.

2021 жылғы 4 наурызда негізгі оқу-жаттығу екі учаскеде өткізілді (Райымбек даңғылы бойындағы 1-ші учаске). Фариза Оңғарсынова көшесі,                                       "Қарғалы"өзенінде" "Алғабас" шағын ауданының 2-ші учаскесі,                                        (Ф. Оңғарсынова көшесі және Т.Рысқұлов даңғылының көпір қиылысы),                         Ф. Оңғарсынова көшесі бойында орналасқан ұзындығы 1050 м жеке тұрғын үйлерді су басудың алдын алу үшін түбін тереңдету жұмыстары және қар мен мұздан тазарту жүргізілді.

Тазарту нәтижесінде 25 м3 мұз, 4 м3 қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде халықтың жалпы саны шамамен 145 адамды құрайтын 59 тұрғын үй мен 7 ұйымда (дүкендер, техникалық қызмет көрсету,  асханалар және т.б.) су басу қаупі жойылды.

Алатау ауданының оқу-жаттығуларына барлығы 92 жек құрам қызметкері және 17 бірлік техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.

2021 жылғы 12 қарашада негізгі оқу-жаттығу бір учаскеде өткізілді (Ақбұлақ шағын ауданыда) Шәріпов көшесі 15/1а, "Ақбұлақ" қазандық қондырғысында авариялық жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін №14 ӨСБ "ӨС және АҚЖ" ММ-нің АЖ агрегатына (көпсалалы өрт сөндіру автомобилі) қосылу пысықталды.

Зардап шеккен халықты қабылдау пункттерін (бұдан әрі – пункттер) жедел өрістету мақсатында Алматы қаласы Алатау ауданы пункттерінің құжаттамасы тексеріліп, түзету енгізілді (барлығы – 38 пункт, оның ішінде:            28  - баспанасыз қалған халықты қабылдау, 7  - санитарлық шығын, 3 - қайтарымсыз шығын).

Бұдан басқа, 2021 жылдың 12 қарашасында «Қыс – 2021» Республикалық командаоық штабтық оқу жаттығу шеңберінде Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасы  қызметкерлері №26 жалпы білім беру мектебінде  баспанасыз қалған зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пунктінде тәжірибелік өрістетуді жүргізді.

Тоқсан сайын айдың бірінші бейсенбісінде сағат 12:55-те  басқарма қызметкерлері ауданның өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлерімен бірлесіп, "Баршаңызға назар аударыңыз!" электр дабылдары мен сиреналық - сөйлеу құрылғыларының жұмысқа қабілеттілігіне бақылау жүргізеді.

Жоспарға сәйкес аудан аумағында білім беру және денсаулық сақтау объектілерінде, сондай-ақ басқа да ұйымдарда 206 жоспарлы сейсмикалық жаттығу  жүргізілді.

Халықты және мамандарды оқыту, АҚ басқару органдарын, күштері мен құралдарын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты қорғауға тұрақты әзірлікте ұстау мақсатында 26 ашық сабақ өткізілді, оған ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 2557-ден астам оқушысы қатысты.

Есептік кезеңде Алматы қаласы ТЖД қалалық курстарында 12 санат бойынша 124 адам азаматтық қорғау басшы құрамын даярлаудан және қайта даярлаудан өтті.

2021 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Алматы қаласы ТЖ Департаменті Алматы қаласы білім басқармасымен бірлесіп 20 (2020 жылы - 20) интерактивті сабақ өткізіп, Алатау ауданының 26 мектебінен 7828 оқушы (2020 жылы – 7610 адам) қамтылды.

Дата публикации
17 января 2022