Алматы қаласы ТЖД Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының 2021 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

Алматы қаласы ТЖД

Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының

2021 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

 

Алмалы ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) қызметі есептік кезеңде Департаменттің жұмыс жоспарына, регламентіне және Басқарманың ережесіне сәйкес жүзеге асырылды.

Басқарманың штат саны жеке құрамның 7 бірлігін құрайды, оның ішінде: азаматтық қорғау қызметкерлері: 6 бірлік (басқарма бастығы-1, бас маман-2, аға инженер-2, инженер-1), әкімшілік мемлекеттік қызметші - 1 бірлік.

 

1

Аудан аумағы (шаршы км)

18,4

2

Тұрғындардың саны (адам)

212 082

3

Мектептер, оның ішінде: (мемлекеттік /жеке меншік)

38(29/9)

4

Мектепке дейінгі балалар мекемелері, оның ішінде: (мемлекеттік/жеке меншік)

38(26/12)

5

Жоғары оқу орындары

16

6

Арнайы орта оқу орындары

21

7

Денсаулық сақтау орындары, оның ішінде

Аурухана/емхана/республикалық ҒЗИ

27

9/9/9

8

Шағын кәсіпкерлік субьектілері

25750

9

Дүкендер (азық-түлік/азық-түлік емес)

167/555

10

Сауда үйлері

9

11

Мейрамханалар мен кафелер

264

12

Қонақ үйлер

23

13

Базарлар

9

14

Пәтер иелерінің кооперативтері

206

15

Тұрғын үйлер, оның ішінде

(көп қабатты/жеке)

4953

(1458/3495)

16

Әкімшілік ғимараттар

2300

17

Арықтардың ұзындығы (км)

182,5

18

Кітапханалар

8

19

Кинотеатрлар

4

20

Театрлар

6

21

Мешіттер

1

22

Шіркеулер: (провославиялық/басқалар)

2/22

 

Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес, 2021 жылдың 12 айына орындау үшін 37 іс-шаралар жоспарланған, аталған тапсмырмалар мерзімінде орындалып, аяқталу формасына сәйкес мәліметтер Алматы қаласы ТЖД-не белгіленген уақытта ұсынылған. Оның ішінде, 10 тапсырма аралық (тоқсан сайын, ай сайын, жарты жылдық) және 2 тапсырма жеке кестеге сәйкес (қорытынды кесте, интерактивті сабақтар) жоспарланған.

2021 жылы Басқарманың мекен-жайына 130 өтініш, оның ішінде: 114 жеке және 16 заңды тұлғалардан, сонымен қатар 40 шағым жеке тұлғалардан келіп түсті.

Жалпы барлық өтініштер мен шағымдар заңда белгіленген мерзімде орындалды.

 

Өрт бойынша ақпарат

2021 жылы ТЖ хабарламасына сәйкес, Басқарманың инжерлік-инспекторлық құрамы Алматы қаласы, Алмалы ауданының аумағы бойынша 372 шақырту (2020ж. - 375 шақырту) орнына шығуды жүзеге асырды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3 шақыртуға кем. Барлық шақыртулардың ішінде 62 өрт оқиғасы есепке алынып (2020ж. - 65), б9л дегеніміз былтырғы жылмен салыстырғанда 4,6% аз. Өрт салдарынан 2 адамның өлімі тіркеліп (2020ж. - тіркелмеген), 5,3 млн. теңгенің материалдық шығыны келді
(2020ж. - 4,5 млн. теңге), сонымен қатар 138,2 млн. теңгенің материалдық құндылықтары құтқарылды (2020ж. – 11,9 млн. теңге).

Анықтама: 1) Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр к-сі 308 тұрғын үй, 8-ші пәтердің жатын бөлмесі мен үй заттарының жалпы ауданы 8 шаршы метрде жанды. Өрт салдарынан 1953 жылы туылған аз. Н.А. Завьялованың (пәтер иесі) мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі: Абайсызда өрттің тұтануы (темекі шегу).

2) Алмалы ауданы, Абай д-лы 141 тұрғын үй, 80-ші пәтерде үй заттарының және жиhаздың ауданы 2 шаршы метрде жанды. Өрт салдарынан 1938 жылы туылған аз. А.И. Мавроматецтің мәйіті табылды. Өрттің шығу себебі: Ашық от көзі.

 

Өрттің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауына кірмейтін тұрғын үй секторы мен автокөлік құралдарында тіркелген.

Мәселен, 62 өрттің 36-сы тұрғын үй секторында орын алған (2020ж. - 32), яғни жалпы өрт санының 58% құрайды, сондай-ақ өрттің 11 оқиғасы автокөлікте тіркелген немесе өрт санының 17% (2020ж. - 9) құрайды, сонымен қатар 3 өрт фактісі құрылыс алаңдарында тіркелген (2020ж. - 3) немесе өрт санының 5% құрайды, басқа нысандарда (жұмыс істемейтін нысандар, ашық алаңдағы қосымша құрылыстар) 3 өрт фактісі тіркеліп, жалпы өрт санының 5% құрайды (2020ж. - 6).

Сонымен қатар, бақылаудағы нысандарда 10 өрт оқиғасы орын алған немесе жалпы өрт санының 15% құрайды (2020ж. - 9). Оның ішінде: 7 тәуекел дәрежесі болмашы және ерекше тәртіпке сәйкес тексеруге жатпайды және
3 нысан тәуекел дәрежесі жоғарыға жатқызылған.

Есептік кезеңде 56 тұлға (заңды тұлға – 29, жеке тұлға - 27) әкімшілік жауакершілікке тартылды, оның ішінде:

  • ҚР ӘҚБК 336 бабына сәйкес 2 жеке тұлға «Ескерту» түрінде жауапкершілікке тартылды;
  • ҚР ӘҚБК 410 бабының 1 тармағына сәйкес 49 тұлға (заңды тұлға – 25, жеке тұлға - 26) «Ескерту» түрінде жауапкершілікке тартылды;
  • ҚР ӘҚБК 410 бабының 2 және 3 тармағына сәйкес 5 тұлға (заңды тұлға – 4, жеке тұлға - 1) жалпы сомасы 160 435 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар, тергеу жүргізу және процессуалдық шешім қабылдау  үшін 86 материал (оның ішінде 24 материал өрт фактісі бойынша) Алматы қаласы ПД Алмалы  ауданының Полиция басқармасына жолданды.

Тұрғын үй секторындағы өрттердің ең көп саны отты абайсыз қолданудың 15 фактісі және қасақана өрт қоюдың 6 фактісі (Алмалы ауданының аумағында 2021 жылдың 22 наурызы мен 11 мамыры аралығында түңгі мезетте көп пәтерлі тұрғын үйлердің кіре берістерінде 3 өрт   оқиғасы тіркелді, себебі белгісіз адамдардың қасақана өрт қоюы). Электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу себебінен 9 жағдай тіркелді.

 

Жеке тұрғын үй секторында

жүргізілген профилактикалық іс-шаралар

Алмалы ауданына қарасты аумақта 3495 жеке тұрғын үй орналасқан, қазіргі уақытта 90 үй магистральді газ желілеріне қосылмаған (2020ж. - 123 жеке меншік үйлер қатты отынмен жағылады). Бұл ретте орталық газға - 2977 үй қосылса, орталық жылыту жүйесіне 428 жеке тұрғын үй қосылған.

2020-2021 жылдардағы жылу беру кезеңіндегі адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын азайту жөнінде Алматы қаласы ТЖД «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, жоспарға сәйкес (бұдан әрі - жұмыс жоспары) жеке тұрғын үй секторын күнделікті аралау жұмыстары жүргізілді. Есептік кезеңде жеке тұрғын үйлерін толық көлемде аралап, бір мезгілде «Күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы» тақырып бойынша жиындар өткізіліп, (42 жиында /880 адам қамтылды) 5800 дана буклеттер таратылды.

Жұмыс жоспарына сәйкес, Басқарма қызметкерлерімен 15 тұрмысы төмен отбасыларын аралау жүргізілді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын ауданда 38 (оның 20-сы жеке тұрғын үйлерде тұрады, 18-і көппәтерлі тұрғын үйлердің пәтерлерінде тұрады) адам тіркелген және аталған тұрғындарды да назардан тыс қалдырмады. Жоғарыда аталған тұрғындарды жергілікті полиция қызметкерлерімен сондай-ақ «Жас Отан» еріктілерімен бірлесе отырып үйде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

(БАҚ)

Бұқаралық ақпарат құралымен атқарылған

іс-шаралар

Есепті кезеңде БАҚ атқарылған іс-шараларды жариялау саны Республикалық телеарналар бағдарламалары мен жаңалықтары шығарылымында 22 ТВ көрсетілді, Адамдар көп жиналатын орындарда бейнероликтер көрсету - 2352 (2020 жылы – 2300, +2,2%) радиоэфирде 752 сөз сөйлеу (2020 жылы – 680, +10%) өсті және «Аргументы недели», «Нұрлы өлке» газеттерінде 145 мақала басылып шығарылды (2020 жылы – 119, +18%).

Күн сайын, ауданның медициналық мекемелерінде (№3,5,8,30 қалалық емханалары, Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы, Қалалық кардиологиялық орталығы, Қалалық перзентханасы, Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы, Орталық отбасылық емханасы, А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы, Орталық клиникалық ауруханасы және т. б.), сондай-ақ, адамдар жаппай шоғырланатын нысандарда «Өрт кезіндегі іс-қимыл», «Өрт қауіпсіздігі шарасы», «ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу», «Көлік жүргізушісі, арнайы көлік жүргізушісіне жол бер» тақырыптарында Басқарма әзірлеген бейнеороликтер және Алматы қаласы ТЖД ұсынған «Адамдардың өмірін құтқару-құтқарушылардың мәртебесі», «Жер сілкінісі кезіндегі әрекеттер», «ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету», «Улы газ», «Мұздағы қауіпсіздік ережелері» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіледі.

Бұдан басқа, аталған бейнероликтер «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «Қазақ ұлттық қыздар  педагогикалық  университеті, «Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар» және «Әлем тілдері университетінің» оқу корпустары мен жатақханаларында орнатылған мониторлар арқылы көрсетіліп тұрады.

Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту және Көкшетау техникалық институтына оқуға талапкерлерді іріктеу мен қабылдауды ұйымдастыру мақсатында, Басқарма аудандық білім бөлімімен келісіп, әңгіме өткізу кестесін әзірледі.

Аудан аумағында орналасқан жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары мен қызметкерлерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау шараларына оқыту үшін Басқарманың жеке құрамымен «Балалар тентектігі», «Өрт кезіндегі іс-қимылдар», «Тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қағидалары»     тақырыптарында профилактикалық әңгімелер, тренингтер, семинарлар өткізілді.

Жоспар-кестеге сәйкес, аудан мектептерінің 58 сыныбында, 2088 оқушыны қамти отырып, «Құтқару миссиясы – мейірбан жандарға лайық» тақырыбына бейнеролик көрсетіп, 6 профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Сондай-ақ, 30 плакат ілінді және ҚР ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы оқуға түсу шарттары бойынша 1050 жадынама таратылды. Басқарма «Аргументы недели» газетінде «Адамдардың өмірін құтқару - құтқарушылардың мәртебесі» тақырыбында 5 мақала  жариялады. Басқарманың жүргізген жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы ТЖД Кадр саясаты басқармасына өз еркімен оқуға түсуге ниетті талапкерлердің тізімі жолданады.

 

Мемлекеттік өрт бақылауы бойынша жүргізілген

профилактикалық іс-шаралар

2021 жылы басқарма 11 157  (1389) шаруашылық жүргізу объектілерін есепке алды, олардың 849 (671) жоғары тәуекел дәрежесіне және 10 308 (717) тәуекел дәрежесі болмашыға жатқызылған.

 Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылауды ұйымдастыру мақсатында Басқармамен тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес, 2021 жылдың 12 айына шаруашылық жүргізу нысандарына 311 өрт-техникалық тексерісі жоспарланып (2020 жылы - 403 тексеру), 1-ші жарты жылдыққа 167 нысан (2020 жылы - 255 тексеру),  2-ші жарты жылдыққа – 144 (2020 жылы - 148 тексеру) жоспарланған, оның ішде 262 нысанға өрт - техникалық тексерісі жүргізілді (2020 жылы - 218 тексеріс), жоспардың орындалуы 84,2% - ды құрады (2020 жылы 54 %). Тексеріс нәтижесінде өрт  қауіпсіздігі ережелерінің 2732 бұзушылықтары анықталды (2020 жылы - 1327).

Объективті себептер бойынша 49 нысанға тексеріс жүргізілмеді, атап айтқанда:

 - 22 нысанда өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізілді;

- 16 нысанның деректемесі өзгертілген;

- 9 нысанда капиталдық жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты;

-  2 нысанда ТБТ (Е-лицензиялау) базасында кәсіпкерлік санаты анықталмауына байланысты.

Тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБК 410 бабының 1 және 2 тармағына сәйкес 205 тұлға  (2020 жылы - 156), оның ішінде «Ескерту» түрінде 163 тұлға (2020 жылы - 102), айыппұл түрінде 42 тұлға (2020 жылы - 54) жалпы сомасы 3 млн. 456 мың 645 теңге көлемінде (2020 жылы – 3 млн. 439 мың 160 теңге) жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, ҚР ӘҚБК 359 бабына сәйкес 5 тұлға  жалпы сомасы 160 мың 435 теңге көлемінде жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдар толық көлемде белгіленген мерзімде ерікті түрде төленді (100%).

Аталған есептік кезеңде басқарма қызметкерлерімен 264 нысанға жоспардан тыс тексеріс жүргізілді (2020ж. - 191), оның ішінде: жеке және заңды тұлғалардың шағымына сәйкес 27 өрт-техникалық тексерісі (2020ж. - 17) және ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша 237 тексеріс (2020ж. - 174) жүргізілді.

Ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша жүргізілген жоспардан тыс өрт-техникалық тексерістің нәтижесінде ҚР ӘҚБК 462 бабының 3 тармағына сәйкес, бұзушылықтарды толық көлемде орындамаған 19 субъектіге (22 нысан) қатысты хаттама толтырылды, оның ішінде 13 хаттама Алматы қаласы бойынша Арнайы ауданаралық Әкімшілік құқық бұзушылықтар сотында қаралып, жалпы сомасы 7 млн. 730 мың 050 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласы бойынша Арнайы ауданаралық Әкімшілік құқық бұзушылықтар сотында 6 материал қарастырылуда.

Өртке қарсы сумен жабдықтау

Алматы қаласындағы Алмалы ауданында жалпы 1280 өрт гидранттары (оның ішінде 1053 көше және 227 объектілік) және 31 өрт су қоймалары орналасқан. Қазіргі уақытта барлық өрт гидранттары жарамды жағдайға келтіріліп, жұмыс істеп тұр. Есептік кезеңде, Басқарама мен №9 ӨСБ жеке құрамы бірлесіп, көгеде орнатылған 1053 өрт гидрантын, шаруашылық нысандарында орнатлыған 50 ӨГ және 3 ӨСҚ тексерілді.

Сонымен қатар, есептік кезеңде Алмалы ауданының көшелерінде орнатылған 71 өрт гидрантына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, осы жылы жаңадан 7 өрт гидранты пайдалануға берілді.

Жалпы аудан территориясында орнатылған барлық ӨГ және ӨСҚ жұмыс істеп тұр.

 

Сыбайлас жемқорлық

Басқарманың жеке құрамы жағынан сыбайлас жемқорлықтың құқық бұзушылық пен қылмыстарға қарсы әрекет және алдын- алу мақсатында кешенді шараларды жүргізуде, оның ішінде:

- «Nur Otan» партиясы Алмалы аудандық филиалының қызметкерлері мен ауданның Төтенше жағдайлар Басқармасымен сыбайлас бұзушылыққа жол бермеу мақсатында 2021 жылға арналған бірлескен семинарлар мен дөңгелек үстелдердің жоспары бекітілді.

- Ағымды жылдың 02-ші науырызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру шеңберінде және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін азайту, алдын алу ісін жетілдіру мақсатында Алмалы ауданының ТЖ Басқармасы қызметкерлері мен Алмалы аудандық «Нұр Отан » партиясының филиалы сонымен қатар аудан территориясында орналасқан Өрт сөндіру бөлімінің басшы құрамымен 2021ж. бойы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында бірлескен семинарлар мен дөңгелек үстелдердің Жоспарына сәйкес «Төтенше жағдай қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық пен оның қоғамдық қауіпсіздігі» тақырыбында семинар – жиналыс өткізілді.

- «Аргументы недели» газетінде ағымды жылдың 11-ші наурызы күні басылып шыққан 9 (753)-ші нөмірінде «Сыбайлас жемқорлық бойынша есеп» мақаласы жарияланды.

  • Жеке құраммен тәрбие жұмысының кестесіне сәйкес, жұмыс уақытында және бос уақытында қызметтік-әскери тәртіпті сақтау туралы жеке әңгімелер өткізіледі.
  • Сондай-ақ, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін сапалы орындауына, тәртіпті және заңдылықты сақтауға әсер ететін отбасындағы климатты, материалдық жағдайды, олардың тұрмыстық жағдайларын зерделеу мақсатында үйге бару үшін кесте бекітілді;
  • Өрт-техникалық тексерулер, жоспардан тыс тексерулер, оның ішінде шағымдарды қарау кезінде видеотіркегішке жүргізілген бейне деректерді күнделікті қарау бойынша бақылау жүзеге асырылады.

 

Азаматтық  қорғаныс

Азаматтық  қорғаныс  іс-шараларын тиімді  іске асыру  мақсатында Алматы қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасымен бірлесіп ауданның Азаматтық қорғаныс жоспары жаңартылды.

Ағымдағы  жылдың 4-5  наурызы  аралығында  «Көктем 2021» РКШО өтуіне байланысты аудан аумағында 5-ші наурыз күні Алмалы  ауданы Әкімінің аппараты қызметкерлері, «Алматы тазалық» КМКҚ, «Тәртіп» АҚ және «Айком-Строй» ЖШС мердігерлік ұйым  қызметкерлерімен  бірлесіп  практикалық іс шара өткізді. Райымбек даңғылынан Төле би көшесіне дейін Үлкен Алматы өзенінің бойында тазалау жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шараға Басқарманың 2 қызметкері, Әкімдіктің 1 қызметкері және жоғарыда аталған мердігерлік ұйымдардың 23 қызметкері қатысты. Тазалау үшін 5 бірлік  техника (2 трактор, 1 газел қоқыс шығару үшін) тартылды. Мердігер ұйымдардың аумағына тазалау барысында 15 текше метр қоқыс шығарылды.

Су басу құбылыстарының алдын-алу бойынша іс- шараларды әзірлеу үшін Алмалы ауданының Әкімі аппараты қызметкерлерімен бірлесіп, Үлкен Алматы және Есентай өзендері арналарының су тасқыны қауіпті кезеңіне дайындығын бақылау мақсатында, жай-күйіне шолу жүргізілді. Сондай-ақ ауданның мердігерлік ұйымдары күн сайын арық канал жүйелерін қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартуды жүргізеді. Жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж және Жоғарғы оқу орындары студенттерінің назарын Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнінің мәніне аудару, Төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылдарға әзірлікті арттыру мақсатында ауданда келесі іс-шаралар өткізілді:

  • Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихатттық іс-шаралар өткізу жоспарының тармақтарын орындау үшін Алмалы ауданында «Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс» ұранымен  келесі іс-шаралар өткізілді: Интернетті  пайдалана отырып, орта білім беру мекемелерінде (29-мектеп) конкурстар ұйымдастырылып өткізілді.
  • Қашықтықтан оқыту платформалары «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне» арналған іс-шараларға белсенді қатысқан жалпы білім беру мектептерінің оқушыларын карантиндік шараларды ескере отырып еркеше көзге түскен жастарды марапаттады. Бұл жұмыс Алмалы ауданының Әкімдігі сайтында, инстаграммда жарияланды.

Алмалы ауданының ТЖ басқармасымен азаматтарды Азаматтық қорғау саласында ТЖ жағдайында іс-қимылды үйренуге оқыту мақсатында, аудан әкімімен бекітілген Алмалы ауданының әкімдігінің жоспарлауы бойынша 2021 жылдың қаңтар айынан бастап наурыз айына дейін 67 адам жоспар бойынша ТЖД бойынша өз білімін шыңдады (Жоспар 27%-ға артық орындалды).

Алмалы ауданында нысандарда және бағаналарда Дабыл сөйлеу ондырғылары (СРУ) – 35 бірлігі және С-40 - 47 бірлігі (Әлия қонақ үйінде капиталды жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты оның 1 жұмыс істемейді) орнатылған.

 

Басқарма жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында және өрттің,  Төтенше жағдайлардың алдын-алу бойынша келесі міндеттер қойылды:

- қазіргі таңда үгіт-насихат жүргізудің ең тиімді жолы ғаламтор көздерін пайдалана отырып, Әлеуметтік сайттар арқылы жалпы халықты өрт жəне төтенше жағдайлардың алдын-алу, сонымен қатар төтенше жағдай кезіндегі іс-шараларға үйрету, үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу сияқты əдіс -тəсілдерді жандандыру;

- Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- əрекеттері» туралы Заңының жəне «Этикалық кодекс» талаптарының сақталуын қадағалап, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуін тұрақты түрде қадағалау;

- ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсетін талапкерлердің құжаттарын жинауы мен медициналық тексеруден өтуін сапалы жүргізуді қатаң қадағалау;

- жоспарға сәйкес жəне жоспардан тыс жүргізілетін өрт-техникалық тексерісті Алматы қаласы бойынша «ҚР БП ҚСжАЕЖК» тіркеу алдында нысанның кəсіпкерлік санатына (Е-лицензия) сұрау міндетті түрде жүргізу;

- жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың қайталануын болдырмау мақсатында, аталған тұлғалалармен шағын және микро кәсіпкерлік нысандарына тексеру жүргізуге моратория жариялануына байланысты өрт-техникалық тексерісті жүргізудің ерекшелігі, сонымен қатар Азаматтық қорғау органдары қызметі регламентінде қолданатын номативті-құқықтық актілер  және т.б. түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- аудан территориясында орналасқан нысандардың тізіміне өзгерістер енгізу үшін жылына 2 рет (ақпан, тамыз) құзырлы мемлекеттік органдарға (Мемлекеттік кірістер басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы, Әділет департаменті, Қала құрылысын бақылау басқармасы) хат жолдап, алынған мәліметтерге сүйене отырып өзгерістер енгізу және тізімді жаңалау.

 

Баяндама аяқталды!

Назарларыңызға рахмет!!!

Дата публикации
17 января 2022