«От-2021» өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 27 мамырда Алматы қаласында табиғи өрттерді жоюға тартылатын қызметтердің күштері мен құралдарының дайындығын тексеру мақсатында «От-2021» өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.

         Оқу-жаттығудың жоспары бойынша өртті Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ормандардың әуе күзеті Алматы бөлімшесінің бақылаушы ұшқышы анықтады, шартты өрттің ауданы 2,5 гектардан астам құрады. Желдің екпіні салдарынан өрт аумағы ұлғайып, демалушы туристерге, сондай-ақ өрттің табиғи парктің орман алқабына өтуіне қауіп төнді.

         Хабарлама алғаннан кейін орманшылық өкілдеріне көмек көрсету үшін қаланың Төтенше жағдайлар департаменті диспетчерлік қызметінің іс-қимыл алгоритміне сәйкес шақыру орнына барлық қажетті қалалық қызметтер, оның ішінде авиация жіберілді.

Өткізілетін оқу-жаттығулар шеңберінде табиғи өртті сөндіруді, ТЖ аймағынан эвакуациялауды ұйымдастыру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық іс-қимылдар пысықталды.

         Оқу-жаттығуға барлығы 210 адам, 28 бірлік арнайы техника және 2 әуе кемесі жұмылдырылды.

Дата публикации
10 февраля 2022