«Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының қорытындылары туралы баяндама

 

 «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын (бұдан әрі-оқу-жаттығу) дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 2021 жылғы 11-12 қараша аралығында Алматы қаласының аумағында «Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау» тақырыбында оқу-жаттығулар өткізілді.

Оқу-жаттығулар 2 кезеңде (теориялық және практикалық бөлім) өткізілді.

1 кезең (теориялық бөлім) барысында ТЖД ахуалдық залында Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің және ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің өкілдерін тарта отырып, жедел Штаб өрістелді.

«Қарғын – 2002» сигналын алғаннан кейін ТЖМ-нен 5 кіріспе міндет келіп түсті, Департамент қызметкерлері ТЖМ-ге сигналдарды алу бойынша тиісті хабарламалар, орындалған іс-шаралар туралы баяндамалар, төтенше жағдайларды жоюға арналған шешімдер жіберді (барлығы 42 хабарлама жіберілді).

2 кезең (практикалық бөлім) барысында негізгі оқу орны Әуезов ауданындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде («АлЭС» АҚ Батыс жылу кешені) үш бағыт бойынша практикалық элементтерді пысықтаумен өтті: газ құбырындағы авариялық-қалпына келтіру жұмыстары, мазут сақтау жөніндегі резервуардағы өртті жою, биіктігі 96 метр түтін құбырынан зардап шеккен қызметкерлерді эвакуациялау.

Бұдан басқа, қаланың 7 ауданында ыстық және суық судың магистралдық құбырларының үзілуі, әуе электр желілері сымдарының үзілуі және тұрғын үйлердегі жылумен жабдықтауды авариялық-қалпына келтіру кезінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын пысықтаумен практикалық іс-шаралар өткізілді, сондай-ақ, барлық аудандарда қала мектептерінің базаларында баспанасыз қалған зардап шеккен халықты қабылдау пункттері өрістетілді.

Жалпы, оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері орындалды.

Алматы қаласы әкімінің 2019 жылғы 03 мамырдағы №38ө өкімімен (2021 жылғы 26 шілдедегі өзгерістерді енгізілуін ескере отырып) 17 азаматтық қорғау қызметі құрылғанын атап өткім келеді, оның 16-сы оқу-жаттығуларға қатысу және Азаматтық қорғау медициналық қызметін (Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы) қоспағанда, барлық қызметтермен өзара іс-қимылды жетілдіру үшін Департаменттің Штабына келді.

 «Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені бекіту туралы» Алматы қаласы әкімінің 2020 жылғы 04 ақпандағы №6ө өкіміне сәйкес азаматтық қорғаудың медициналық қызметі азаматтық қорғау күштері жеке құрамының денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау, зақымдалғандар мен науқастарға уақтылы медициналық көмек көрсету, оларды эвакуациялау, емдеу және қатарға қайтару, бейбіт және соғыс уақытында инфекциялық аурулардың пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында құрылды.

Оқу-жаттығу барысында Медициналық қызметтің мәселелерін пысықтау, сондай-ақ оларды практикалық іс-шараларға тартуға мүмкіндік болмады.

 

Дата публикации
10 февраля 2022