Ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес 04-05 наурызда Алматы қаласында «Көктем-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
«Тасқын-2002» сигналын алғаннан кейін, Райымбек даңғылы мен Фариза Оңғарсынова көшесінің қилысындағы мекен жайында бойынша ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары топтамасының жедел шығуы жүзеге асырылды, «Қарғалы» өзеніне, онда 2 учаскеде түбін тереңдету, жағалауды нығайту жұмыстары, көпір астындағы мұздақтарды тазарту, сондай-ақ ұзындығы шамамен 2 км бұталарды кесу жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар кейіннен мұз кептелістерінің пайда болуына жолбермеуге, сондай-ақ жалпы халық саны 130 адамнан асатын 57 жеке тұрғын үйді су басу қаупін жоюға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қаланың қалған 7 ауданында өзен арналары мен каналдарды қатты-тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді.
Оқу-жаттығу аясында 8 км. өзендер мен каналдардың арналары тазартылып, 170 текше метрден астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Оқу-жаттығуға 210 адам мен 51 техника жұмылдырылды.
Жалпы, Алматы қаласы ТЖД басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, авариялық-құтқару құрамалары мен бөлімшелері көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын көрсетті.
Оқу-жаттығу барысында қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілді.