Устав государственного учреждения «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям города Алматы (город Алматы) Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан»

№ исх: 23-02-2/1406-И   от: 30.12.2021

№ вх: 8340   от: 30.12.2021

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2020 жылғы «   »

№  бұйрығына

23 қосымша

 

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Алматы қаласы)» мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Алматы қаласы)» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Қызмет) өрт сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
  2. Қызмет өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрықтарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
  4. Қызмет «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі № 712 қаулысына сәйкес құрылған.
  5. Қызметтің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет болып табылады.
  6. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық жасау бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ Қызмет мүлкіне қатысты құқық субъектісі функцияларын жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып табылады.
  7. Қызметтің Атауы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Алматы қаласы)» мемлекеттік мекемесі.
  8. Қызметтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 132.

 

  1. Қызметтің заңды мәртебесі

 

  1. Қызмет мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
  2. Қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктердегі шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мекеменің атауы бар бланкілер, мөрлер, мөртабандар болады.
  3. Қызмет басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
  4. Қызмет өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражаттарға жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіздігі болған кезінде оның міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауапкершілікте Қазақстан Республикасы болады немесе тиісті бюджет қаражаттарымен әкімшілік-аумақтық бірлік жауапты.
  5. Қызметтің азаматтық-құқықтық (оның ішінде мемлекеттік сатып алу бойынша) мәмілелері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қосқанда, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
  6. Қызметке Қызметтің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынасқа түсуге тыйым салынады.

 

  1. Қызмет жұмысының мәні мен мақсаттары

 

  1. Қызмет жұмысының мәні өрт сөндіруді жүзеге асыру және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды арқылы халықты, объектілер мен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады.
  2. Қызмет жұмысының мақсаты қала елді мекендер аумақтарында, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттік объектілер мен мемлекеттік меншіктегі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде күзету және өрттерді сөндіру бойынша қызметті қамтамасыз ету, сонымен қатар аса күрделі және қауіптілігі жоғары авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу болып табылады.
  3. Қызмет мақсатқа қол жеткізу үшін:

1) өрттерді сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

2) өрттерді сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге Қызметтің күштері мен құралдарының әзірлігін қамтамасыз ету;

3) жеке құрамның кәсіби шеберлігін жетілдіруге және төтенше жағдайлар аймақтарына жылжытуға Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауға және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге бағытталған шаралар қабылдау;

4) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды, сондай-ақ басқа да жалпы тілдік гарнизондық іс-шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;

5) өрттерді зерделеу және талдауды ұйымдастыру, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлеу;

6) өрт сөндіру деполары, пайдалануды қамтамасыз ету және бақылау, өрт сөндіру,  құтқару және басқа да техниканы, өрт-техникалық қару-жарақты, авариялық-құтқару жабдықтарды, байланыс құралдарын, құрал-сайман мен басқа да мүлшкті жөндеу және техникалық қызмет көрсету;

7) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындау;

8) өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру шараларын әзірлеу, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде олардың жұмысының тұрақтылығын арттыру, Қызметтің жұмылдыруға тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету;

9) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру техникасын, өртке қарсы жабдықты және басқа да мүлікті уақытылы сақтауды, жинақтауды, жаңартуды ұйымдастыруға қатысу құқығы бар;

10) бөлімшелерде өрт қауіпсіздігі саласында білімді насихаттау, оқушылар мен мектепке дейінгі жас аралығындағы балалар арасында өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығын танымал ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

11) тұрғын үй секторындағы халық арасында өрттердің профилактикасына бағытталған атаулы үгіт-насихат түсіндіру жұмыстарына қатысу;

12) ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.

  1. Қызметке осы Жарғыда бекітілген қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
  2. Қызметтің жұмыс мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында айқын шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі тиісті саланың уәкілетті органының немесе Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
  3. Қызмет бастығының (бұдан әрі- бастық) және ол болмаған кезде оның міндеттерін атқаратын тұлғаның жарғыдан тыс Қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекеттері еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік пен өзге де жауапкершілік шараларды қолдануға әкеледі.

 

  1. Кызметті басқару

 

  1. Қызметті жалпы басқаруды Министрлік жүзеге асырады.
  2. Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Қызметке мүлікті бекітіп береді;

2) Мемлекеттік мекеменің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарын, Қызметтің құрылымы мен шекті штаттық санын және жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;

3) Қызмет мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады:

4) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен Қызмет теңгерімінде тұрған мүлікті алуды және қайта бөлуді келіседі;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

6) Қызмет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

  1. Қызметтің жедел-қызметтік жұмысын басқаруды және үйлестіруді Министрліктің өртке қарсы қызмет комитеті (бұдан әрі — Комитет) және Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі — Департамент) жүзеге асырады.
  2. Қызмет бастығы Қызмет жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Департамент бастығына тікелей бағынады және Қызметке жүктелген міндеттерді орындауы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін тікелей жауапты болады.
  3. Қызмет бастығы Департамент бастығынын ұсынуы және Министрліктің өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының келісімі бойынша Министрдің бұйрығымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  4. Қызмет бастығының орынбасарлары тағайындалады және босатылады Комитет төрағасының келісімі бойынша Департамент бастығының бұйрығымен қызметінен босатылады.
  5. Қызмет бастығы дара басшылық кағидаттары бойынша әрекет етеді және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын құзыретіне сәйкес Қызмет жұмысының мәселелерін өз бетінше шешеді.
  6. Қызмет жұмысының жүзеге асыру кезінде Қызмет бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппеп:

1) қызмет атынан сенімхатсыз ерекет етеді;

2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қызметтің мүдделерін білдіреді;

3) шарттар жасасады;

4) сенімхаттар береді;

5) Қызметтің іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс іссапарларға шығу Министрліктің келісімі бойынша жүзеге асырылады;

6) өз құзыреті шегінде Қызметтің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қызметтің қызметкерлері мен өзге де қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және босатады, бұл ретте Қызметтің құрылымдык және аумақтық бөлімшелерінің басшы құрамын тағайындауды Департамент бастығымен келіседі;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Қызмет қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолданады;

9) өзінің (өздерінің) орынбасарының (орынбасарларының) міндеттерін және өкілеттік аясын айқындайды;

10) гарнизондық және қарауылдық қызметті ұйымдастырады;

11) төтенше жағдайлар аймақтарына шығуға және құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге кәсіби шеберлігін жетілдіру және Қызметтің күштері мен құралдарын тұрақты әзірлікте ұстауды жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;

12) жеке құрамды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктіліктерін арттыруды қамтамасыз етеді;

13) өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды, байқаулар мен жарыстарды және басқа да жалпы гарнизондық іс—шараларды жоспарлауды, дайындауды және өткізуді камтамасыз етеді;

14) соғыс уақыты кезеңінде арнайы құралымдар үшін өрт сөндіру және құтқару техникасын, өртке қарсы құрал—жабдықтарды және басқа да мүліктерді уақытылы сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

15) өрттерді зерделеуді және талдауды, олардың туындауы мен өршуіне себеп болатын жағдайларды, орындарын, себептерін жене шарттарын орнатуды ұйымдастырады, осы негізде әзірлікті арттыру және жетілдіру бойынша іс- шараларды әзірлейді;

16) өрт сөндіру құтқару және өзге де техниканың, өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдықтарының байланыс құралдарының, ұйымдастыру техникасы мен басқа да мүліктің барына және техникалық жай-күйіне есеп жүргізеді, сондай-ақ оларды есептен шығаруға қажетті құжаттаманы рәсімдейді;

17) өртке қарсы қызмет объектілерін пайдалануды, өрт сөндіру құтқару және басқа да техниканы, өрт—техникалық жарақтарын, авариялық-құтқару;

18) жол-көлік оқиғалары туралы мәлімттерді жинақтайды және талдайды,  құралдарын қауіпсіз пайдалануды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау мен өрт бойынша іс-шараларды әзірлейді;

19) жедел-техникалық қызметті, ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелердің жұмыс істеуін, техникамен байланыс, ақпараттандыру құралдарының жедел әзірлігін ұйымдастырады;

20) материалдық құндылықтардың нақты бар-жоғына есебін жүргізу, сақтау және беру тәртібінің сақталуының дұрыстығына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізеді;

21) күштер мен құралдарды тарту тәртібін айқындайды, өртке қарсы қызмет горнизоны бөлімшелерінің шығу кестесін әзірлейді;

22) жергілікті атқарушы органдардың бюджет қаражаты есебіне өртке қарсы қызмет обьектілерін материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізеді;

23) Қызметтің ерекше көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен мараппаттау, құрмет атақтарын, мерзімінен бұрын мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшы құрамының немесе атқаратын штаттық лауазымымен көзделген арнайы атақтардан бір дәрежеге жоғары аранайы атақтарын беру жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізеді;

24) Қызметтің бірыңғай кадр саясатын жүргізеді;

25) Қызметтің ақпараттық-аналитикалық, ұйымдық-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жумыстарын ұйымдастырады;

26)Қызметтің аттестаттау және конкурстық комиссиясының жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;

27) өз құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алуды өткізуді , сондай-ақ қаржылық жоспарлауды, бухгалтерлік есепті және қаржылық есептілікті ұйымдастырады;

28) Департамент, Комитет және Министірлік бекіткен нысанға сәйкес есептілікті уақытылы жасауды қамтамасыз етеді;

29) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз етеді;

30) Қызмет қызметкерлерін, олардың отбасы мүшелерін және мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары зейнеткерлерін әлеуметтік дамыту, оларға медициналық санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді, тұрғын үй-тұрмыстық, қызметтік-шаруашылық жағдайларын жақсарту бойынша шаралар қабылдайды,

31) Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы, кіші және орта басшы құрамдағы тұлғаларына азаматтық қорғау капитанына дейінгі атақты қоса алғанда, кезекті арнайы атақтар береді;

32) өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, техникалық регламенттерге және әдістемелік нұсқауларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Департаментке, Комитетке  және Министрлікке ұсыныстар енгізеді

33)Қызметтің құрылымдық, өрт сөндіру және құтқару бөлімшелерінің ережелерін, Қызмет қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін (лауазымдық нұсқаулықтарын) бекітеді;

34)бағынысты қызметкерлердің ұжымда моральдық-психологиялық климатты ұстауға, ар-намыс Кодексін және қызметте міндетті жүріс-тұрыс нормаларын сақтауға, құрылымдық бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға тікелей жауапты болады;

35) бағыныстыларының сыбайлас жемқорлық қылмыстарын және құқық бұзушылықтарын жасаудың әрбір фактісі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды;

36) дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету бойынша қызметкерлерді даярлау және оқыту бойынша шаралар қабылдайды;

37) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Қызмет мүлкінің қалыптасы тәртібі

 

  1. Қызмет мүлкінің бағасы оның теңгерімінде көрсетілетін заңды тұлғаның активтері құрайды. Қызмет мүлкі:

1) мемлекет оған тапсырған мүлік;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен қалыптасады.

  1. Қызметтің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  2. Қызметтің жұмысы республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
  3. Қызмет бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ессептілік ұсынады.
  4. Қызметтің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

 

  1. Қызметтің жұмыс режимі

 

  1. Қызметтің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

 

  1. Қызметтің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Комитет пен Министрліктің ұсынысы бойынша жүргізіледі.
  2. Қызметтің Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

 

  1. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

 

  1. Қызметті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Дата публикации
08 февраля 2022