Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы туралы ереже

 

АлматықаласыТөтеншежағдайлар департаменті бастығының

2021 жылғы «____» __________

№ ____ бұйрығына

№ ____ қосымша

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің құжаттамалық қамтамасыз ету және

мемлекеттік тілді дамыту тобы туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент)құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобы(бұдан әрі – Топ) Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Министрлік Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымы, штаттық саны Департаменттің штат кестесінде айқындалады.
  4. Топ төрт әкімшілік мемлекеттік қызметкерден тұрады.

 

2-тарау. Топтың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіндегі жұмыс тәртібіне сәйкес Құжаттаудың және құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу, оларды есепке алуды, олардың өтуін, қаралуын және уақтылы жөнелтілуін жүзеге асыру;

2) бұйрықтарды, Департамент бастығы мен оның орынбасарлары жанындағы жұмыс және жедел кеңестерінің хаттамаларын тіркеуді жүзеге асыру, олардың мемлекеттік және орыс тілдерінде техникалық ресімделуін тексеру;

3) Департаменттің іс жүргізу және құжат айналымының жай-күйін талдау;

4) Департаменттің бланкілерін есепке алуды жүргізу, беру және есептен шығаруды жүзеге асыру, Топқа бекітілген мөртабандарды пайдалану бойынша белгіленген талаптардың сақталуын бақылау.

  1. Міндеті:Департаменттің жеке және/немесе заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және қаралуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеуді қамтамасыз ету және олардың уақтылы орындалуын бақылау;

2) Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау бойынша жұмысын ұйымдастыру;

3) 1-ОЛ есептерін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық

статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасына уақтылы жолдауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті:«Қызмет бабында пайдалану үшін» (бұдан әрі – ҚБПҮ) және «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар қызмет бабында пайдалану үшін құжаттарды қабылдау, бастапқы өңдеу және алдын ала қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

Функциялары:

1) орындаушыларды тіркеу, «ҚБПҮ», «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар құжаттармен уақтылы таныстыру;

2) «ҚБПҮ» және «Файлдық хабарламалар» деген белгісі бар құжаттар мен істердің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. Міндеті: құжаттарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану бойынша Департаменттің ведомстволық архивінің жұмысын ұйымдастыру.

Функциялары:

1) істер номенклатурасын жасау және істердің қалыптастырылуына бақылауды жүзеге асыру;

2) Департаменттің ведомстволық архивінің құжаттары мен істерінің сақталуын қамтамасыз ету;

3) келіп түскен сұрау салуларға сәйкес істерді уақытша пайдалануға беруді жүзеге асыру;

4) архив ісі мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

5) Департаменттің сараптама тексеру комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

6) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері әзірлеген архивтік істерді белгіленген тәртіппен сақтауға алу және есебін жүргізу.

  1. Міндеті:Департамент және оның бөлімшелерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы.

Функциялары:

1) Департамент басшылығы қол қоятын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі және туынды нормативтік құқықтық, басқару актілері мен құжаттар жобаларының мәтіндерін түпнұсқалығына редакциялауды қамтамасыз ету;

2) Департаменттің орталық аппаратының жеке құрамын мемлекеттік тілге оқыту және «Қазтест» бағдарламасы бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу курстарын ұйымдастыру, Департаменттің бөлімшелерінде осы бағыттағы жұмысты үйлестіру;

3) Министрлік, Департамент немесе өзге де мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өткізетін мемлекеттік тілдің қолданылу саласында әртүрлі іс-шараларды (семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, конкурстар және т.б.) ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

4) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне құжаттарды мемлекеттік тілге аудару және құжаттың түпнұсқалығы мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша Топтың қызметіне жататын мәселелер бойынша өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Департаменттің мүддесін білдіру;

2) өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

3) Топтың жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

4) Департаменттіңқұрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту қызметтері жұмысының жай-күйіне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру;

5) Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;

6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша бақылаудағы құжаттарды уақтылы емес және сапасыз орындағаны және ведомстволық архивке сақтауға беру кезінде құжаттарды ресімдеу мерзімдерінің бұзылғаны үшін орындаушыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

8) Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік тіл бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар беру;

9) Департаментте және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберу;

10) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің басшыларынан мемлекеттің тіл саясатын және ақпараттық саясатты регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерінің нормалары мен ережелерінің сақталуын талап ету, сондай-ақ Департаментте мемлекеттік тілде іс жүргізуді дамыту процесін бақылау;

11) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің мемлекеттік тілді үйрену сабақтарына қатысуын бақылауды жүзеге асыру, Департамент басшылығына сабаққа қатыспайтын қызметкерлерге тәртіптік сипаттағы шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізу;

12) оқу кезеңінің қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді білуіне емтихандарды қабылдауға бақылауды қамтамасыз ету;

13)  Департамент басшылығына мемлекеттік тілде іс жүргізудің даму процесіне теріс әсер ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ Департаменттің тіл саясаты желісі бойынша жұмысты жетілдірутуралы ұсыныстар енгізу;

14) іс жүргізу, мемлекеттік тілді дамыту және архив ісі мәселелері бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

  1. Топ Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Топтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Топ заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Топтың бас мамандары жалпы басшылықты жүзеге асырады және топқа жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  3. Топтың бас маманы Департамент басшылығына топтың құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

Бұл мақсатта Топтың бас маманы:

  • Топ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Топ атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Топтың бас маманы қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда Топ осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.

 

_________________________

Дата публикации
07 февраля 2022