Алматы қаласы Төтенше жағдайлар
департаменті бастығының
2021 жылғы «____» __________
№ ____ бұйрығына
№ ____ қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің
заң тобы туралы ереже
- Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қалаласы Төтенше жағдайлар департаментінің заң тобы (бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Топтың құрылымы, штаттық саны Департаменттің штаттық кестесімен айқындалады.
- Топ үш әкімшілік мемлекеттік қызметкерден тұрады.
- Топтың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеті:Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Функциялары:
- Департаментте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді;
- шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде экономикалық ықпал ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;
- соттарда, сондай-ақ басқа мемлекеттік органдарда ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департаменттің мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсынады;
- заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, Департамент пайдасына шешілмеген сот актісі бойынша барлық сот инстанцияларына шағымдану бойынша уақытылы шаралар қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен қадағалау тәртібінде, құзыреті шегінде наразылық білдіру туралы қолдау хаттарын жазып, прокуратура органдарына өтініштермен жүгінеді;
- құзыреті шегінде Департаменттің пайдасына заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
- Міндеті:Департаменттің заңнаманы қолдану практикасын қорытындылайды.
Функциялары:
тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді.
- Міндеті:құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Функциялары:
- Департамент әзірлейтін құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады;
- құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Бастықтың тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы өзге құжаттарды дайындайды.
- Міндеті:Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, мемлекеттік органда жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастырады.
Функциялары:
- Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау және түсіндіру, жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды жүзеге асырады;
2) заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Департаменттің құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Департаменттің атынан түсініктеме дайындайды.
- Топтың құқықтары мен міндеттері:
1) өз мiндеттерiн орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен сұратады;
2) Департамент басшылығының келiсiмiмен Департаменттің құқықтық мәселелері жөнiндегi құжаттарын әзiрлеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөнiндегi iс-шаралар мен Департаментте жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды iске асыру үшiн Департаменттің басқа құрылымдық бөлiмдерінің қызметкерлерiн тартады;
3)Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
4) заңдарда, заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер.
- Топтың қызметін ұйымдастыру
- Топ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзiнiң негiзгi мiндеттерi мен функцияларын iске асыру үшiн қажеттi өкiлеттiктердi иеленедi.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Топтың қызметкерлерін қызметке Департамент бастығы тағайындайды және қызметтен босатады.
- Осы ережеге және Үкіметтің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеге сәйкесТопқа олардың қызметiне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.
- Департаментте бөлінген бюджет қаражатының шегiнде Топта оның тиiмдi және сапалы қызметi үшiн мыналарды қоса алғанда, тиiстi жағдайлар жасалады:
1) жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөнiндегi мерзiмдi баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетiмен, сондай-ақ мерзімімен жаңартылып отыратын нормативтiк құқықтық актілердiң электрондық қорымен қамтамасыз ету;
2) топ қызметкерлерiнiң кәсiптiк деңгейiн арттыру үшiн тұрақты негiзде iс-шаралар ұйымдастыру, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясында Департамент қызметкерлерiн жүйелi түрде тағылымдамадан өткiзу.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Департамент бастығысыйлық берудiң қолданылып жүрген жүйесiн және бар мүмкiндiктердi ескере отырып, Топ қызметкерлерiне қосымша материалдық ынталандыруды белгiлеуге құқылы.
- Департаментті қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, Топты таратуға жол берiлмейдi.
________________