Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы туралы ереже

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының

2021 жылғы «____» __________

№ ____ бұйрығына

№ ____ қосымша

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі бекіткен Департаменттің штат кестесімен айқындалады. Басқарма бастығы мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын Департамент бастығы бекітеді.
  4. Басқарма бес қызметкерден тұрады:

1) Басқарма бастығы (АҚО қызметкері);

2) Бас маман (АҚО қызметкері);

3) Аға инженер (АҚО қызметкері);

4) Инженер (АҚО қызметкері);

5) Бас маман (әкімшілік мемлекеттік қызметкер).

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Департаменттің стратегиялық жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және тұжырымдамалармен, Стратегиялық жоспармен, Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарларымен, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен сектораралық келісімдермен көзделген іс-шараларды қалыптастыруды және одан әрі практикалық іске асыруды қамтамасыз ету;

3) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

4) халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру;

5) мемлекеттік ескерту жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру және төтенше жағдайларды жою, табиғи және техногендік сипаттағы Департаменттің, оның аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың;

6) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

7)төтенше жағдайлардың алдын алу мүдделерінде күштер мен құралдарға, техникаға және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындау;

8)төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі күштер мен құралдарды қолдануға,әзірлікте құруға, дайындауға және қолдауға қатысу;

9)табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету(жұмыс жоспарын жасау, материалдарды қалыптастыру, отырыстарды дайындау және өткізу), оның хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

10) Министрліктің алқа отырысында басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша материалдар, ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау;

11) елді мекендер мен шаруашылық объектілерін селден, көшкіннен, қар көшкіннен, су басу мен су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру;

12) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ұйымдардың қызметкерлеріне білімді насихаттауды, халықты, лауазымды тұлғаларды оқытуға қатысу;

13) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар мен ғылыми ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы жұмыстарын үйлестіру;

14) Департаменттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы қызметін үйлестіру;

15) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ақпараттық-талдау жұмысы;

16) халықты, объектілер мен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық және желіаралық өзара іс-қимылының жай-күйін талдау;

17)табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеуді және қолдануды жүзеге асыру;

18) қауіпсіздік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты ақпараттандыруды үйлестіру;

19) қауіпті табиғи құбылыстарға мониторинг жүргізетін ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру және оларды болжау;

20) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жерүсті және ғарыштық мониторинг жүйесінің (байқау, болжау, бақылау қызметтері) жай-күйі мен дамуын талдау;

21) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын бағалау үшін,ғарыштан жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалану;

22) басқарма қызметінің саласына қатысты нормативтерді, стандарттарды және ережелерді келісу;

23) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы есептерді дайындау және белгіленген тәртіппен Департамент басшылығының қарауына енгізу;

24) ел аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын келісу және бекітуге дайындау;

25) Алматы қаласының селге-, қар көшкінге-, сырғымаға-, су тасқынына қауіпті учаскелері мен олардың әсер ету аймақтарында орналасқан объектілерінің паспорттарын келісу және бекітуге дайындау;

26) қауіпсіздік паспорттарының және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлері каталогтарының құрылымы бойынша ұсыныстар енгізу;

27) Алматы қаласының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктері аумақтарының қауіпсіздік паспорттарын келісу және бекітуге дайындау;

28) жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға көмек көрсету;

29) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік іс-қимылын және бақылауын ұйымдастыру;

30) азаматтық қорғау саласындағы Волонтерлік қызметті жалпы үйлестіру;

31) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің қызметін жетілдіруге, сондай-ақ ТЖААБ және ТЖБ қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған семинар-кеңестерді, дөңгелек үстелдерді, тәжірибе алмасу бойынша басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

32) мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды қамтамасыз етумәселелерібойынша:

табиғи дүлей зілзалалардың туындауы бойынша қауіпті ошақтарды, учаскелер мен аймақтарды анықтау және мониторинг жүргізу;

су тасқыны әсеріне ұшыраған учаскелер мен аумақтарды, көшкін қаупі бар учаскелерді, сел белсенділігі ошақтарын есепке алу;

бірінші кезекте объектілерге, мемлекетаралық, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарына тікелей қауіп төндіретін қар көшкінінің қалыптасу ошақтарын есепке алу;

селдегі және көшкін қаупі бар учаскелердегі, тектоникалық жарықтар аймақтарындағы, есептік сейсмикалығы 9 балдан жоғары учаскелердегі құрылыс жағдайы;

қауіпті учаскелерді, аймақтар мен ошақтарды анықтау, есепке алу және су тасқыны, су басу, бөгеттердің бұзылуы, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті аурулары, зиянкестердің пайда болуы бойынша;

мемлекеттік органдармен жедел ақпаратпен өзара алмасу су тасқынына, су басуға, бөгеттердің бұзылуына, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпті ауруларына және зиянкестерге байланысты төтенше жағдайлардың туындау фактісі бойынша;

33) Басқарманың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді әзірлейді;

34) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

         1) Департамент басшылығының қарауына Басқарма құзыретіне кіретін төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

         2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері жұмысының жай-күйін тақырыптық тексерулерге қатысу, кешенді тексерулерді дайындауға және жүргізуге қатысу;

         3) талдамалық зерттеулер, тексерулер және қызметтік тергеулер нәтижелері бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың қызметіне бағалау беру;

         4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

         5) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің басшыларын тыңдау туралы ұсыныстар енгізеді;

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентінің және Үкіметінің актілерінде белгіленген өзге де міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асырады.
  2. Басқарманы лауазымға тағайындалатын бастық басқарады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы қызметінен босатады.
  3. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Осы мақсатта басқарма бастығы:

1) басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарманың бас маманы:

          1) өз өкілеттігі шегінде Басқарманың қызметін үйлестіреді;,

          2) Басқарма бастығы болмаған кезеңде басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

  1. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда – оны алмастыратын адам қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда басқарма осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.

 

_______________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 февраля 2022