|
|
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2021 жылғы «____» __________ № ____ бұйрығына № ____ қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасы туралы ереже
мен міндеттері
1) төтенше жағдайларды жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) Алматы қаласының аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
1) төтенше жағдайларды жою саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруды қаматамасыз ету, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық бағдарламалармен және тұжырымдамалармен, Министрліктің операциялық жоспарымен, Департаменттің және Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарымен көзделген іс-шараларды қалыптастыруға және одан әрі практикалық іске асыруды ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысу;
3) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін төтенше жағдайларды жою саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;
4) Департаменттің жедел және аппараттық кеңестеріне, Алматы қаласы Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырыстарына материалдарды, Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша инстанциялық ақпаратты, анықтамаларды, шолуларды дайындауға қатысу;
5) қызметтік жұмысының бағыты бойынша жыл сайынғы талдаулар жүргізу
6) авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
7) төтенше жағдайларды жою саласындағы жедел жоспарлау мәселелері бойынша Алматы қаласының аумағында орналасқан Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, Министрлік бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
8) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу және түзету;
9) халықаралық оқу-жатығуларды, Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды («Көктем», «Жер», «Қыс») және штабтық жаттығуларды дайындауға және өткізуге қатысу;
10) «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру;
11) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
12) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құралдарын бөлу және пайдалану жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;
13) төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құралдарын бөлу жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысу;
14) өз құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тартуға қатысу;
15) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету жөніндегі ұсыныстар дайындау;
16) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
17) Департаменттің төтенше жағдайларды жоюға қажетті күштері мен құралдарының санын айқындау;
18) төтенше жағдайларды жою саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және қолдану;
19) төтенше жағдайларды жою жөніндегі қажетті қауіпсіздік пен шаралар туралы аумақтық бөлімшелерді, мемлекеттік органдарды, ұйымдарды және халықты жедел ақпараттандыруды ұйымдастыруға қатысу;
20) құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға жедел ден қою мәселелері бойынша халықаралық ынтымастыққа қатысу;
21) құзыреті шеңберінде жедел ден қою мәселелері бойынша Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің, Алматы қаласының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің қызметін әдістемелік басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыру;
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаменті жанындағы Терроризмге қарсы орталықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелері бойынша Департаменттің қызметін ұйымдастыру;
23) өз құзыреті шегінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;
24) Алматы қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізетін күзеттік іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
25) Қаланың су айдындарында шомылу маусымы кезеңінде және күзгі-қысқы кезеңдерде адамдардың өліміне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру;
26) өз құзыреті шеңберінде Департаменттің аудандық бөлімшелерінің, Алматы қаласының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің жедел-қызметтік жұмысын тексеруге қатысу;
27) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;
28) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Департаменттің аумақтық қалалық бөлімшелерінен және Алматы қаласының аумағында орналасқан Министрліктің бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде ақпараттық-аналитикалық материалдарын дайындау үшін Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің және Алматы қаласының аумағында орналасқан Министрлік бөлімшелерінің қызметкерлерін тарту;
3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау;
4) Департамент басшылығына Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінде қарау туралы ұсыныстар енгізу;
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент басшылығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің және жетекшілік ететін бөлімшелердің басқа да кеңестерінің жұмысына қатысу;
6) тексерулер мен қызметтік тергеулердің нәтижелері бойынша Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қызметке баға беру;
7) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;
8) төтенше жағдайларды жою бойынша жүргізілген іс-шараларды зерделеу үшін ірі және резонансты төтенше жағдайларға шығуды жүзеге асыру.
1) басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департаменттің басшылығына Басқарманың құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар жасайды;
3) Департаменттің бастығына Басқарма қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
______________________