Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының
2021 жылғы «____» __________
№ ____ бұйрығына
№ ____ қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің
Дағдарыс жағдайлары басқармасы туралы ереже
Функциялар:
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) өз құзыреті шегінде Министрліктің жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарында және Департаменттің жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды ұйымдастыруға және одан әрі практикалық іске асыруға қатысу.
Функциялар:
Функциялар:
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде Департамент бөлімшелері мен мекемелерін жедел басқаруды қамтамасыз ету;
4) Департамент басшылығының командалары мен өкімдерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына беруді қамтамасыз ету;
5) Департаменттің бөлімшелеріне жауынгерлік және оқу-жаттығу басқару сигналдарын қабылдау және беру;
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мүдделі қызметтермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру және ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
7) Басқарманың байланыс құралдары мен жабдықтарын тұрақты әзірлікте ұстау, сондай-ақ Департаменттің жедел штабының жұмысын техникалық, ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері және оның туындауы кезінде мемлекеттік басқару органдарын және қала халқын құлақтандыру, «Арал» республикалық құлақтандыру жүйесі бойынша бақылау, оқу-жаттығу және жауынгерлік сигналдарды қабылдау және уақтылы беру, СМС хабарлауды ұйымдастыру;
9) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар орындарынан Департаменттің аумақтық бөлімшелері мен мекемелерінен ұсынылған фотоматериалдардан фото архивті, бейне архивті қалыптастыру;
Функциялар:
2) мониторинг жүйелерінен, оның ішінде жерді қашықтықтан зондтау құралдарын пайдалана отырып, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері және туындауы туралы ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
3) болжамды ақпаратты жинау және қалыптастыру, ғарыштық мониторинг, сейсмикалық, гидрометеорологиялық, радиациялық, санитариялық-эпидемиялық жағдай, гидротехникалық және су объектілерінің жай-күйі және т. б. мониторингі деректері бойынша нәтижелерді қорыту және талдау;
4) жедел ақпаратты жинақтау және мұрағаттау.
1) Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінен және қала аумағында орналасқан Министрліктің ұйымдарынан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) өз құзыреті шегінде Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне және қала аумағында орналасқан Министрліктің ұйымдарына нұсқаулар беру;
3) өз құзыреті шегінде Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерімен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерімен және қала аумағында орналасқан Министрліктің ұйымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен және мекемелермен жедел түрде өзара іс-қимыл жасау;
4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен кеңестер өткізу;
5) Департамент басшылығына Басқарма жұмысын жетілдіру бойынша ұсыныстар, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді аппараттық және жедел кеңестерде қарауға енгізу;
6) өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін Басқарманың құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) Министрлік Алқасының шешімдерінде, жедел және аппараттық кеңестердің хаттамаларында, Департаменттің және Басқарманың жұмыс жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауға міндетті;
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
4) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
5) қойылған міндеттерге сәйкес Басқарманың құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
2) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;
3) Басқарма қызметкерлеріне арнаулы атақтар беруге ұсынады;
4) Департамент басшылығына Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
_____________