|
|
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2021 жылғы ______________ № _____________ бұйрығына ________ қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр саясаты басқармасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы бөлім
1) бастықтан;
2) бас мамандардан;
3) аға инспеткордан;
4) жеке құрам бойынша инспекцияның бас маманынан тұрады.
2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері
Функциялары:
1) Департаментте Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кадр саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, оларды төмен тұрған бөлімшелердің орындауын бақылайды,осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы Министрліккехабардар етеді, құрылымдық бөлімшелерге кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік басшылықты жүзеге асырады;
2) Департаменттің кадрлық саясатты жетілдіру бойынша Министрліккеұсыныстар енгізеді;
3) аумақтық органдардың кадр бөлімшелеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша тақырыптық және басқа да тексерулерді жүзеге асырады;
4) Департаменттің кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияламаларды қарайды;
5) Басқарма қызметін жоспарлауды жүзеге асырады;
6) жұмыс жоспарына, Департамент басшылығымен өтетін жедел және аппаратық жиналыстарға ұсыныстар енгізеді;
7) Департамент басшылығы жанындағы жедел кеңестерге кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін қарау үшін материалдар дайындайды;
8) Министрліктің және Департаменттің Алқа отырысының шешімдері мен жедел жиналыстардың, кадралрмен жұмыс мәселелері бойынша Департамент басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылайды;
Функциялары:
1) Басқармақызметке кандидаттарды алдын ала зерделеуді және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;
2) Департаменткадрларын жинақтауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, кадрларды қызметке бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;
3) мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады;
5) АҚО қызметкерлерінің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастырады;
6) Департаментқызметкерлері мен әскери қызметкерлерінің әскери және арнаулы атақтарын берутуралыматериалдарды қарап ресімдейді, номенклатураға сәйкес Министрлікке материалдарды жолдайды;
7) Департаментқызметкерлері лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарынәзірлеуге ұсыныс енгізеді;
8) Департаменттеншығарылған тұлғаларға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады;
9) Орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғалардың дербес және статистикалық есебін қалыптастырады,қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі бойынша архивтік-іздестіру және анықтамалық қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
10) Департаменттіңжеке құрамымен қызмет өткеру мәселелерімен байланысты еңбек даулары бойынша материалдарды қарайды;
11) Департаментқызметкерлерінмарапаттау жұмысын ұйымдастырады;
12) шекті жасына жеткен қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;
13) Департаменттіңмемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
14) кадрлық резервке енгізуге ұсынылған АҚО қызметкерлері мен әскери қызметшілердің материалдарын дайындайды;
15) мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («Е-Ќызмет» ақпараттық жүйесі) есепке алуды жүзеге асырады;
16) кадрлармен жұмыс бойынша жиынтық есептер мен мәліметтерді зерделейді және талдайды, олардың негізінде ақпараттық-аналитикалықматериалдарды дайындап, мүдделі мемлекеттік органдар мен Министрлік белгіленген нысан бойынша тиісті статистикалық есептіліктіұсынады;
17) Департаментқатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған және тиісті тәртіпте әскери есептен алып тасталған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізуді жүзеге асырады;
18) Департаменттіңқұрылымдық бөлімшелерінің ережелеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
19) Департаменттің және оның бөлімшелерінде кадрларды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін пайдаланушылардың қызметіне ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
20) Министр бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық қамтамасыз етуді және кадр саясаты жұмысының сапасына баға беруді жүзеге асырады.
Функциялары:
1) ведомстволық білім беру саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады, Министрліктің Қазақстан Республикасының және шет елдердің басқа мемлекеттік органдарымен, білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
2) белгіленген мерзімдердеДепартамент қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға, сондай-ақ Департаменттіңқызметіне талапкерлерді алғашқы кәсіби оқытуға ұсынымдардықалыптастырады;
3) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарға қажеттілік бойынша және ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Көкшетау техникалық институтына және шет елдердің білім беру ұйымдарына оқуға кандидаттарды іріктеу бойынша бағдарлау жұмысын жүргізеді;
5) ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтының,шет елдердің білім беру ұйымдарының түлектерін Департаментбөлімшелеріне жыл сайын бөлуді және жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады, оларды ұтымды орналастыру және қызметте бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;
6) АҚО-да бес жыл жұмыс істемеген ҚР ТЖМКөкшетау техникалық институтының түлектерін АҚО-дан босату жөніндегі материалдарды қарайды, олардың есебін жүргізеді, сондай-ақ олардың оқуына жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Функциялары:
1) Департаментқызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы сабақтарынөткізуді ұйымдастырады;
2) Департаменттіңқұзыреті шеңберінде ҚР ТЖМ-ге кәсіби қызметтік және психологиялық дайындық бойыншатиісті бұйрықтар мен нормативтік актілерге ұсыныстар дайындауды қамтамасыз етеді;
3) Департамент пен бөлімшелерінің қызметкерлерін аттестаттау, сыныптық біліктілігін айқындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру,Департамент қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне кластық біліктілікті беру, арттыру, растау, төмендету және алып тастау тәртібіне бақылауды және оның есебін жүзеге асырады;
4) Департаментке қызметке кандидаттардың түсуі кезінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;
5) саптық дайындықты, жеке құрамға, оның ішінде киімнің маусымдық нысанына ауысу кезінде саптық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
6) Департаменттегіқызметтің кәсіби дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) Департаменттегіспорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастырады, чемпионаттарды, спартакиадаларды, спорттың қызметтік-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнирлерді ұйымдастыру мәселелері бойынша «Өрт сөндірушілердің спорт федерациясы» ҚБ-мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
Функциялары:
1) жеке құрам арасындағы идеологиялық жұмыс мәселелері бойынша Департаментқызметтерінің және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
2) қызметкерлерде азаматтықты, патриотизмді, жоғары имандылық, психологиялық, іскерлік және өзге де қажетті қасиеттерді, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық актілерін сақтауға, қызметтік борышын орындауға саналы және адал көзқарасты қалыптастыру, анттың және жарғылардың талаптарын, бастықтар мен командирлердің бұйрықтарын (нұсқауларын) қатаң және нақты орындаудың саналы қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) идеологиялық даму мәселелері бойынша ардагерлер ұйымдарымен өзара
іс-қимыл жасайды;
4) Департаменттедәстүрлер тарихын сақтау бойынша жұмысты, қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін мәдени-демалыс іс-шараларын, сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік-құқықтық дүниетанымын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
5) салтанатты, мерекелік және естелік іс-шаралардыұйымдастырады және өткізеді;
6) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Департаментқызметкерлерінің ерліктерін есте сақтау және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
7) Департаменттіңтәлімгерлер кеңестерінің, офицерлік, сержанттықжиналыстарының және әйелдер кеңестерінің қызметін бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) Департаментқызметкерлерінің беделі мен абыройын арттыруға бағытталған Департамент қызметін насихаттайды;
9) Департаменттіңведомстволық музейінің қызметін ұйымдастырады және мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;
10) Департаменттіңтұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.
Функциялары:
2) АҚО жүйесін дамыту саласында азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
3) Департамент қызметіне отандық және халықаралық оң тәжірибені енгізу бойынша ұсыныстарды зерделейді, жинақтайды және енгізеді.
Функциялары:
ұйымдастырушылық-штаттық іс-шараларғаөзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
қызметтердің, ведомстволық бағынысты, оның ішінде үлгі бөлімшелердің құрылымдары мен штаттарын жетілдіру және бекіту жөнінде ұсыныстарды енгізеді;
қосымша штат санын енгізу, қолда бар штаттарды ұтымды пайдалану мақсатында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді;
қызметкерлерге берілетін жүктемені талдауды, қызметтер мен қаржыландыру көздері бойынша штат санын есепке алуды жүзеге асырады;
Функциялары:
1) Департаменттіңжеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
2) Департаменттіңжеке құрамы арасындағы төтенше оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде еңбек заңнамасының және қызмет өткеру туралы заңнама тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
4) тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер мен бөлімшелердің басшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
5) азаматтық қорғау органдарының басшыларына бағынысты бөлімшелерде тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) тәртіптік комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7) Департаменттіңқызметкерлерінің, әскери қызметшілерінің, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің заңдылықты бұзу және төтенше оқиғалары фактілері бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізуді жүзеге асырады;
8) Департаментбасшылығының нұсқауы бойынша қызметтік ғимараттар мен аумақтарды күзету режимін тексеруді жүзеге асырады.
Басқармаға оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
Басқарма өз құзыреті шегінде мыналарға:
1) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді АҚО-ның басқа бөлімшелерінен сұратуға және алуға;
2) Департаменттіңведомстволық бағынысты бөлімшелерінің орындауы үшін міндетті нұсқаулар беруге;
3) Департаменттіңведомстволық бағынысты бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберуге;
4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін,оның ішінде шарттық негізде ғалымдар мен мамандарды тартуға;
5) белгіленген тәртіппен кеңестер, жұмыс кездесулерін, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізуге;
6) Департаменттіңведомстволық бағынысты кадр бөлімшелері басшыларының, ал Департаментбасшылығымен келісім бойынша – Департаменттіңведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, аудандық ТЖ басқармаларының, «ӨСжАҚЖҚ» ММ басшыларының Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептерін тыңдауға;
7) Басқарманың қызметін регламенттейтін құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге;
8) Департаментқызметкерлері тарапынан құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға;
9) белгіленген тәртіппен Департаментбөлімшелеріндегі қызметтік тергеу, адамдарды компьютерлік есепке алу материалдарымен, өзге де материалдармен танысуға;
10) тәуліктің кез келген уақытында азаматтық қорғау органдары мекемелері мен бөлімшелерінің және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық ғимараттары мен үй-жайларына қызметтік куәлігін көрсетіп кедергісіз кіруге немесе іргелес аумаққа қызметтік автокөлікпен кіруге. Басшылар мен қызметкерлерден қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде жан-жақты жәрдем көрсетуді талап етуге;
11) іс жүргізіліп жатқан қызметтік тексеру материалдары бойынша қызметкерлерді және өзге де адамдарды шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алуға, сауалнама жүргізуге;
12) өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Басқаманың міндеттері:
1) Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің, ҚР ТЖМ басшылығы тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
2) Алқа шешімдерінде, Министрлік мен Департаментжоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3) Департаменттіңаппараттық, жедел кеңестерініңматериалдарын дайындауға қатысуға;
4) іс қағаздарын жүргізуді, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі
іс-шараларды қамтамасыз етуге міндетті;
5) қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
1) Басқарма қызметкерлері мен жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарманың орта және аға басшы құрамы қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;
3) Басқарманың орта және аға басшы құрамының қызметкерлеріне арнайы атақтар беруге ұсынады;
4) Департаменттіңбасшылығына Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
5) Басқарманың жұмыс жоспарын бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
7) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
__________________________