Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғамменбайланыс тобы туралы ереже

Алматы қаласы

Төтенше жағдайлар департаменті

бастығының

2021 жылғы ______________

№ _____________ бұйрығына

_______________ қосымша

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің

қоғамменбайланыс тобы туралы ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы(бұдан әрі – Топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Департаменттіңқұрылымдық бөлімшесі болып табылады(бұдан әрі – Департамент).
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін,
    өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымын, штат санын ДепартаментпенҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітеді.

4 Топ бас маманнан (мемлекеттік әкімшілік қызметкерден) тұрады.

 

2-тарау. Негізгі міндеттері, функциялары және кұкықтары

 

  1. Міндеті: Департаменттің қызметіне қатысты мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен (бұдан әрі –БАҚ) өзара іс-әрекетті ұйымдастыру.

Функциялары:

1) өткізілетін іс-шараларды БАҚ-та үнемі жария етуді ұйымдастыру және өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру жөніндегі Департаменттің қызметі туралы ақпараттық және түсіндіру материалдарын жұртшылыққа жеткізу;

2) БАҚ өкілдері үшін брифингтер, баспасөз конференцияларын, интернет-конференцияларды және басқа да баспасөз іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;

3) Департамент басшылығы мен жауапты қызметкерлерінің БАҚ-та сөз сөйлеуін, лауазымды тұлғалардың БАҚ өкілдерімен сұхбаттарын және кездесулерін ұйымдастыру;

4) баспасөз парақтары мен ақпараттық хабарламаларды тарату;

5) табиғи және техногендік сипаттағы резонанстық төтенше жағдайлар туындаған кезде БАҚ арқылы жедел ақпараттық ден қою.

  1. Міндеті: азаматтық қорғау органдарының жағымды беделін қалыптастыру.

Функциялары:

1) ақпараттық кеңістіктегі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты сыни бағыттағы, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының беделіне теріс  әсер етуі мүмкін материалдарды анықтау мәніне мониторинг жүргізу;

2) БАҚ-тағы сыни жарияланымдарға уақтылы ақпараттық ден қою, азаматтық қорғау органдарының беделіне ақпараттық себептердің әсерін азайту бойынша шаралар әзірлеу;

3) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ерлік және батылдық іс-әрекеттерін насихаттау;

4) іс-шараларға фото және бейне түсірілімдер жүргізу, Департаменттің қызметін көрсететін фото және бейнемұрағат,аудио және бейнеөнімдерді қалыптастыру;

5) ақпараттық саясатты қалыптастыру жөніндегі Департаменттіңқұрылымдық  аумақтық бөлімшелерінің, «ӨСжАҚЖҚ»ММ қызметін үйлестіру, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсету.

  1. Міндеті: Департаменттің ашықтығын, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) Департаменттіңресми интернет-ресурсын және әлеуметтік желілердегі парақшаларды ақпараттық қолдау;

2) Департамент бастығыныңресми өкілБАҚ-та сөз сөйлеуін ұйымдастыру;

3) Департаментің«Алматы құтқарушысы» ведомстволық басылымын шығару бойынша жұмысты үйлестіру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Департаменттің құрылымдықбөлімшелеріненжәне ведомстволық бағынысты ұйымдарынан қала аумағындағы төтенше жағдайлар және оларды жою бойынша құжаттарды, анықтамалық материалдарды сұрату және жедел түрде алу;

2)Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріндегі және ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы баспасөз мәселесіне жауапты қызметкерлердің жұмысына әдістемелік басшылықты және үйлестіру жұмысын жүзеге асыру;

3) құрылымдықбөлімшелерден және ведомстволық бағынысты ұйымдардан Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша атқарылған жұмыс туралы мәліметтерді және есептерді белгіленген тәртіпте алу;

4) Департаменттіңқұрылымдық бөлімшелеріненжәне ведомстволық бағынысты ұйымдарынан келіп түсетін БАҚ-пен және қоғаммен жұмыс жөнінде аналитикалық және есептік ақпаратты жинауды және қорытуды жүргізу;

5) БАҚ туралы заңның, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріненжәне ведомстволық бағынысты ұйымдарынан ақпараттық саясатты регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына жоспарлы тексеруді жүзеге асыру;

6) ДепартаменттіңбасшылығынаДепартаменттің ақпараттық саясаты бойынша жұмысты жетілдіру үрдісіне кері әсер ететін себептер мен жағдайларды жою, БАҚ туралы заңнаманың бұзылуына жол берген басшыларға қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдау туралы ұсыныс енгізу;

7) Департаменттіңқұрылымдық бөлімшелерінде және басқа мемлекеттік органдардаөткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысады;

8) белгіленген тәртіпте өз құзыреті шегінде хат алысуды жүргізу;

9) Топ құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау.

10) Қаржылық қамтамасыз ету басқармасына өз құзіретіндегі мәселелері бойынша өтінімдерді дайындау үшін тиісті ұсыныстар енгізу.

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенті мен Үкіметінің актілерінде белгіленген міндеттерді, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Топ қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

 

  1. Топ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруүшін қажеттіөкілеттіктерді иеленеді.
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы Топтың қызметкерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Топ қажет болған жағдайда осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.

 

_________________________

Дата публикации
07 февраля 2022