|
|
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 2021 жылғы «____» __________ № ____ бұйрығына № ____ қосымша |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің
ақпараттық-аналитикалық тобы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Топтың негізгі мақсаттары мен функциялары,
құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) Қазақстан Республикасында Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы стратегиялық дамуы, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, Алматы қаласының аумағын Дамыту бағдарламасының, Алматылық Агломерацияның негізін қалаушы құжаттарға қосу үшін Азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды әзірлеу жөнінде, сонымен қатар Департамент құзыреті шегінде олардың іске асырылуы бойынша іс-шаралардың операциялық жоспарлауын және жұмыс жоспарын жасауға ұсыныстарды енгізу.
2) Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлейді, Департамент бөлімшелерінің ақпараты негізінде Министрліктің операциялық жоспарын және Департаментінің жұмыс жоспарын орындау бойынша есептерді қалыптастырады және бақылау жүргізеді;
3) Департамент бөлімшелерінің ақпараты негізінде Топтың құзыреті шегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының, Мемлекеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша мониторингті, талдауды жүргізеді және есептерді қалыптастырады;
4) Топтың құзыреті шегінде қажет болған жағдайда Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарларын және Қаланы дамытудың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарларын өзектендіруді жүзеге асырады;
5) Департамент бөлімшелеріне жоспарлау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
6) Департамент бөлімшелерінің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын қарау және келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) Департамент бөлімшелері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді (бекітілген нормативтік құқықтық актіге сәйкес);
8) Департамент бөлімшелерінің жедел-қызметтік жұмысына олардың ақпараттық-аналитикалық жұмысы жағдайын зерттеумен жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысады;
9) Топтың құзыреті шегінде қажеттілік болған жағдайда жедел кеңестерге және өзге де іс-шараларға жоспарлау мәселелері бойынша аналитикалық, ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
10) жоспарлау мәселелері бойынша бөлімшелердің бастықтарын тыңдауға қатысады;
11) азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарастырады.
Функциялары:
1) Топ құзыреті шегінде графиктерге, сұрау салуларға, тапсырмаларға сәйкес қала аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму үрдістері мен динамикасы туралы Департамент басшылығын және Министрлікті шолу-аналитикалық ақпаратымен қамтамасыз етеді;
2) Тұрақты даму мақсаттарының көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмыс топтарының жұмысына және отырыстарға материалдар дайындауға қатысады.
Функциялары:
1) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңына сәйкес мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Алматы қаласының аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
2) Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша бекітілген есептілік нысандарына сәйкес Министрлікке ақпарат береді;
3) жедел ақпаратты жинауды, өңдеуді және қалыптастыруды жүзеге асырады:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық карточкалары бойынша;
авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының, авиациялық бөлімшелерінің ақпараттық-анықтамалық карточкалары бойынша.
Функциялары:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін Төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін сүйемелдейді;
2) Департаменттің тиісті бөлімшелеріне бекітілген тізбеге сәйкес Ашық деректердің интернет-порталына орналастыру үшін ақпараттарды ұсыну.
1) Департаменттің бөлімшелерінің жұмыс жағдайына мақсатты және тақырыптық тексерулерді жүзеге асыруға;
2) құзыреті шегінде басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
3) Департаменттің бөлімшелерінен құзыреті шегінде басшылықтың басқарушылық шешімдері жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есептік құжаттарды әзірлеу үшін белгіленген тәртіппен ақпаратты сұратуға және алуға;
4) Департаменттің бөлімшелерінде жүргізілетін жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс жөніндегі қызметті үйлестіруге;
5) Топтың құзыреті шегінде өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;
6) Топ құзыретіне енетін мәселелер бойынша желілік және желіаралық сипаттағы аналитикалық зерттеулерді жүргізуге құқылы.
Топтың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3) Департаментте жоспарлау мен ақпараттық-аналитикалық жұмыстарын қамтамасыз етуге міндетті;
4) қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің, Үкіметтің актілерімен және басқа да нормативтік құқықтық актілерімен көзделген басқа міндеттер белгіленеді;
5) Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі заңдарында, актілерінде бекітілген өзге де міндеттер.
3-тарау. Топтың қызметін ұйымдастыру
___________