Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының
2021 жылғы «____» __________
№ ____ бұйрығына
№ ____ қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің
ақпараттандыру, цифрландыру жәнебайланысбөлімітуралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1.Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментініңақпараттандыру, цифрландыру және байланысбөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі(бұдан әрі – Министрлік) Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2.Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3.Бөлімнің құрылымы, штат саны Департамент штаттық кестесімен айқындалады.
4.Бөлім бастықтан, 2 бас маманнан және аға инженерден тұрады.
Функциялары:
1) техникалық саясатты жетілдіру қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын құжаттарды әзірлеуге қатысады, ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді;
2) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді Департамент бөлімшелерінің мүддесінде қарауды жүзеге асырады;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектілендірубойынша шаралар қабылдайды;
5) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады;
6.Міндеті: ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметін дамыту және техникалық қамтамасыз ету.
Функциялары:
1)ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамытуды, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстауды жүзеге асырады;
2)ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департамент құралдарына қажеттілікті айқындау бойынша ұсыныстар дайындау;
3)ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтініміне іс-шараларды енгізуге ұсыныстарды қалыптастырады;
4) Департамент бөлімшелерінде байланыс және ақпараттандыру құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) ведомстволық ақпараттық ресурстары мен басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
6) Департаменттің кеңестерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
7) ТЖ қатері және оның туындауы кезінде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларға қатысады.
Функциялары:
1) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді;
2)Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді;
3) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
8.Міндеті: халықты құлақтандыру жүйесін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті құру және оны жарақтандыру мен дамытудықамтамасыз ету.
Функциялары:
1) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
2) Алматы қаласының аумағында халықты құлақтандыру құралдарының есебін жүргізеді;
3) халықты құлақтандыру жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді және келіседі;
4) халықты құлақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлейді;
5) халықты құлақтандыру бойынша жаттығуларды жоспарлайды және өткізеді;
6) электр дабылдарының (дабылдық-сөздікқұрылғыларының) және оларды іске қосу бойынша тиісті жабдықтардың жарамдылығына жоспарлы техникалық тексерулерді жүргізеді.
Бөлім өз құзыреті шегінде:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалық және талдамалық материалдарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге енгізуге;
2) Алматы қаласының аумағында орналасқан Министрліктің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінен қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді сұратуға;
3) өз құзыреті шегінде Алматы қаласының аумағында орналасқан Министрліктің ведомстволық бағынысты бөлімшелерінеқатысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыруға;
4) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
15.Бөлім бастығының өкілеттіктері:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2)Департамент басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;
3) Департамент басшылығынаБөлім қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйақы беруге ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
________________________