Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының

2021 жылғы «____» __________

№ ____ бұйрығына

№ ____ қосымша

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (бұдан әрі -Басқарма)Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАлматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің(бұдан әрі – Департамент)құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті менҮкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осыЕрежені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарма құрамы бастықтан, оның орынбасарынан,бас мамандарданжәне аға инженерлерден тұрады.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
  2. Функциялары:

1) заңнамаға сәйкес өрттің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) өрт қауіпсіздігі саласында тексерулерді ұйымдастыру;

3) Алматы қаласының аумағындағы өрттер туралы жыл сайынғы талдауды жүргізу;

4) аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау қызметінің тиімділігі туралы жыл сайынғы талдауды жүргізу;

5) өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша, өндірісіне оның ішінде заңдылықтың және құқық қолдану практикасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

6) аумақтық бөлімшелерде ҚР Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік өндірістердіңбірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйелердіңіске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру;

7) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау бойынша іс-шаралардыжүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

8) объектіні ішінара немесе толық пайдалануды тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздарды заңнамада белгіленген тәртіппен жасау және сот органдарына жіберу;

9)ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүзеге асырылатын ғимараттарды, құрылыстарды электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау туралы материалдарды сот органдарына жіберу;

10) ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық графиктерін белгіленген тәртіппен әзірлеу және бекіту;

11) аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жедел-қызметтік жұмысын кешенді тексеруге қатысу;

12) өрт қауісіздігі саласында оқыту мен насихаттауды жүргізу;

13) объектілердің өртке қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған Департаменттің жұмыс жоспарының көрсеткіштерін қалыптастыру және міндеттерін іске асыру;

14) жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметі мәселелері бойынша басшылық құжаттарды, ақпараттық хаттарды, сондай-ақ ірі өрттерді зерттеу негізінде ұсынымдардыәзірлеу;

15) өрттерді ведомстволық есепке алу;

16) мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;

17) жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және іс-қимылдарын үйлестіру;

18) Басқарманың  құзыретіне кіретін мәселелер бойынша апараттық және жедел кеңес отырыстарына материалдар, ақпараттар, анықтамалармен шолуларды дайындау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

3) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференцияларды ұйымастыру және өткізу;

4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтау;

5) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру .

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бастық басқарады.
  3. Бастықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады .
  5. Басқарма бастығы Департамент басышылығына Басқарманың құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар береді.
  6. Осы мақсатта Басқарма бастығы:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма бастығының орынбасары:

1) өз өкілеттігі шегінде Басқарманың қызметін үйлестіреді;

2) Басқарма бастығы болмаған кезеңде оның міндеттерін орындау туралы шешіміне сәйкес жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;

3) Басқарма бастығы оған жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

16.Қажет болған жағдайда Басқарма осы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді.

 

__________________

 

 

 

 

 

Положение об Управлении государственного пожарного контроля Департамента по чрезвычайным ситуациям г.Алматы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан
Дата публикации
01 февраля 2022